«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС 2023 жылғы 10 сәуірдегі №KZ15VCZ03216544 I санаттағы объектілерге әсер етуге экологиялық рұқсат (бұдан әрі - Экологиялық рұқсат) алды.
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС үшін 2023-2024 жылдарға арналған экологиялық рұқсатпен төмендегі нормативтер белгіленді:
Жыл |
Нормативтер, тонна |
|||
атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығарындылары |
«Сарымсақ» жинақтағышына ластаушы заттардың төгінділері |
қалдықтарды көму |
қалдықтарды жинау |
|
2023 |
20 899,15697 |
937,07402 |
3 109,16000 |
70 605,35143 |
2024 |
20 499,32915 |
1 285,98762 |
2 859,23000 |
60 710,93720 |
Экологиялық рұқсат «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-нің төмендегі объектілері үшін эмиссиялар нормативтерін, қалдықтарды жинақтау және көму лимиттерін қамтиды:
- мұнайхимия зауыты (өнеркәсіптік алаң);
- қатты қалдықтарды жинақтағыш (полигон);
- «Сарымсақ» ағынды су жинақтағышы;
- кәсіпорын аумағында қызметін жүзеге асыратын сервистік ұйымдар.
Экологиялық рұқсат «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-нің жоспарланып отырған қызметіне қолданылады:
- МБӨӨ газ компрессорлық қондырғысының ПК-301, ПК-302, ПК-303, ПК-304, ЦК-201, ЦК-301 компрессорларын заманауи автоматтандыру жүйесін енгізу;
- БАЖ цехының АКС К-2, К-3, К-4, К-5 компрессорларын ауыстыру;
- МБӨӨ С-100, С-200, С-300, С-400 тұйық контурда коррозиялық белсенділігі
төмен салқындатқыш сұйықтықты пайдалана отырып, сорғы жабдығының салқындату жүйесін өзгерту;
- №16, №23 және №28 теміржол жолдарын күрделі жөндеу;
- №22 және №22А теміржол жолдарын күрделі жөндеу;
- №26 және №27 теміржол жолдары және №2 теміржол жолын күрделі жөндеу;
- БӨА аспаптарын жаңғырту және «DeltaV» автоматтандыру жүйесін енгізу;
- ЖРЖ орнату арқылы технологиялық ағындарды салқындату жүйесін жаңғырту;
- №5 күкірт өндірісі жабдығының техникалық жағдайын мониторингтеудің
стационарлық жүйесін жарақтандыру;
- 29-3 паркінің Р-1 және Р-2 сұйыққоймаларын қайта жабдықтау;
- мұнайды терең өңдеу өндірісін қайта жаңғырту;
- тауар-шикізат паркінің (ТШП) автоматты өрт дабылдамасы және автоматты өрт сөндіру жүйесін қайта жаңғырту;
- күкірт өндірісінің С840 күкірт түйіршіктеу қондырғысын қайта жаңғырту;
- сервистік компаниялар жұмыскерлерінің кіруі/шығуы үшін
бақылау-өткізу пунктін салу;
- ауыр мұнай қалдықтарын өңдеу өндірісі битумды өндіру қондырғысының пешін салу;
- I биологиялық тазарту жүйесінен кейін ағындыларды сүзу станциясын салу;
- СКГ тазарту қондырғысын салу;
- МБӨӨ (ЛК-6У) және МТӨӨ (КТ-1) ТҮАБЖ техникалық қайта жарақтандыру;
- ЛК-6У және КТ-1 технологиялық пештерін техникалық қайта жарақтандыру;
- ЭЛТҚ блогының ЭГ-160 электрдегидраторларын техникалық
қайта жарақтандыру;
- шығарындыларды автоматтандырылған мониторингтеу жүйесін орнату;
- МТӨӨ компрессорлық КТ-1 жаңа майлы газ компрессорларын орнату.
2020 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңде «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС үшін белгіленген нормативтердің өзгерісін талдау