«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-те кәсіпорын қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігіне көп көңіл бөлінеді. Еңбекті қорғаудың негізгі бағыты жұмыстарды қауіпсіз орындауға қажетті профилактикалық және техникалық құралдар болып табылады. Еңбекті қорғау профилактикасы «Еңбекті қорғауды басқару жүйесіне» (ЕҚБЖ) сәйкес жүргізіледі.

ot1.jpgЖүйенің негізгі қызметі мыналар:

  • Қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық және санитарлық-профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі шешімдерді дайындаудың және іске асырудың бірыңғай тәртібін белгілеу;
  • Еңбекті қорғау жөніндегі жұмыстарды жоспарлау;
  • Еңбекті қорғау жағдайының көрсеткіштерін есепке алу, талдау және бағалау.

Жүйенің негізгі міндеттері:

  • Қызметкерлердің Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің еңбекті қорғау бөлігіндегі талаптарды сақтауын бақылау;
  • еңбек жағдайларын жақсартумен байланысты іс-шаралар жоспарын әзірлей отырып, еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын аттестаттау;
  • жұмыс істеушілерді қауіпсіз еңбек әдістеріне оқыту және еңбекті қорғауды насихаттау;
  • өндірістік жабдықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • өндірістік процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • санитарлық-гигиеналық еңбек жағдайларын қалыптандыру;
  • жұмыс істеушілерді жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету;
  • жұмыс істеушілердің оңтайлы жұмыс тәртібі мен демалысын қамтамасыз ету;
  • жұмыс істеушілерге санитарлық –тұрмыстық қызмет көрсету;
  • жұмыс істеушілерді мамандықтар бойынша кәсіби іріктеу.

«5S» жүйесі: 

2.jpg2010 жылы зауыт басшылығы «5S» жүйесін енгізу туралы шешім қабылдады.  «5S» жүйесі – мақсаты операцияларды орындау, тәртіпті, тазалықты, ұқыптылықты сақтау, уақыт пен энергияны үнемдеу үшін оңтайлы жағдайлар жасау болып табылатын жұмыс орнын ұйымдастыру әдісі. Бүгінгі күні «5S» жүйесі кәсіпорында тиімді қолданылуда және жұмыс орнындағы еңбек жағдайын тексеруді жеңілдетеді.




Халықаралық стандарттар бойынша сертификаттау:

Рисунок1.jpg


Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді сақтаумен қатар кәсіпорын еңбек қауіпсіздігінің халықаралық стандарттарына сәйкес келу мақсатын алдына қойды. Cоңында «ПМХЗ» ЖШС-те кәсіпорынның біріктірілген менеджмент жүйесінің: ISO 9001:2008 (сапа менеджменті жүйесі), ISO 14001:2004 (қоршаған орта менеджменті жүйесі), OHSAS 18001:2007 (денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджменті жүйесі), SA8000:2008 (әлеуметтік жауапкершілік), ISO 50001:2011 (энергетикалық менеджмент) халықаралық стандарттарына сәйкестігіне сертификаттау сараптамасы сәтті өткізілді. Жазатайым оқиғалардың, жұмыскерлердің өндірістік жарақаттануының алдын алу тиімділігін арттыру мақсатында кәсіпорында қауіптіліктер сәйкестендіріліп, бағаланды, маңызды тәуекелдерді азайту жөніндегі іс-шралар әзірленді. Сонымен қатар, кәсіпорын мердігерлерге қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын сақтауға қатысты қоятын ерекше талаптар «ПМХЗ» ЖШС-тің кәсіптік қауіпсіздікті басқару жүйесіндегі бағыттардың бірі болып табылады.



Еңбек құқықтарын сақтау:

Буфер обмена02.jpg

2017 жылы «ПМХЗ» ЖШС Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының жұмыскерлердің еңбек құқықтарын сақтау бойынша     қызметін еркін декларациялауға қатысуға қатысты пилоттық жоба шеңберінде «Сенім сертификатына» ие болды және еңбек   инспекцияларының еңбек заңнамасын тексеруінен 3 жылға босатылады, сондай-ақ жұмыскерлердің еңбек құқықтарын       кепілдікті түрде сақтайтын жұмыс берушілер тізіліміне енгізілді.

Жұмыс орындарын аттестаттау:

2015 жылғы 01 маусымда «Қазақстанжоба» Қазақстан жобалау-зерттеу институты өткізген «ПМХЗ» ЖШС-тің өндірістік объектілері мен жұмыс орындарын аттестаттау жұмысы аяқталды.

Аттестаттау нәтижелері бойынша «ПМХЗ» ЖШС-тегі еңбек жағдайларын жақсарту және сауықтыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді, еңбек жағдайлары бойынша қосымшаақылар, қосымшаақы төленетін жылсайынғы еңбек демалыстары белгіленді.

№19 әкімшілік-тұрмыстық кешені жөнделді:

 12.jpg  АБК №.jpg

«Парекс – 2М» қондырғысының ғимараты қайта жаңартылды:

Parex 2.jpg  Parex 3.jpg  

Зауыт конкурсы:

2017 жылғы сәуірде Бүкіләлемдік еңбек қорғау күніне байланысты «Қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі ең үздік цех» атты сайыс ұйымдастырылды.

Сайыс шарттары:

  • Қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтардың талаптарын сақтау;

  • «5S» жүйесі талаптарын орындау;
  • Бұзушылықтар мен жазатайым оқиғаларды болдырмау жөніндегі профилактикалық іс-шараларды өткізу;
  • Бекітілген аумақтарды, ғимараттар мен имараттарды күтіп ұстау;
  • Қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын насихаттау.

Сайыс нәтижелері бойынша ККМӨТ бірінші орынды, МТӨК екінші орынды, №13 цех үшінші орынды иеленді.

Облыстық конкурс:

Павлодар облысының Еңбек басқармасы 2016 жылғы сәуірдің 14-нен 21-не дейін Халықаралық еңбекті қорғау күніне орай үш номинация бойынша конкурс өткізді: үздік кәсіпорын, үздік қызмет, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі үздік инженер.
Конкурстың қорытындысы бойынша «ПМХЗ» ЖШС Павлодар облысының қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорны атанды.

Грамота.jpg

 «Аман» еңбекті қорғау жөніндегі біріктірілген жүйе:Лого_АМАН (утвержденный).jpg

«Аман» еңбек қорғаудың кешенді жүйесін енгізу жүзеге асырылуда.

«Аман» жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі кәсіпорынның барлық жұмыскерлерін қауіпсіздік және еңбек қорғау үдерістеріне тарту, сондай-ақ өндірістегі қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыру болып табылады.   

Компанияның жалпы басқару жүйесіне біріктірілген басқару жүйесін тиімді құру кәсіпорынның өнімділігі мен табыстылығын арттырады, шығыстарды төмендетеді және жүмыскерлердің ынталандыруға  жағымды әсер етеді.

Жақсы дамыған қауіпсіздік мәдениеті еңбек өнімділігін арттыру, тиімділікті арттыру, компанияның имиджін жақсарту және қосымша қаржылық және бәсекелестік артықшылықтарды қамтамасыз ету арқылы шығынды айтарлықтай төмендетуге көмектеседі.

Қауіпсіздік мәдениетін жетілдіру жұмыс орнындағы ықтимал қауіптерді жою және стандарттар мен рәсімдер түрінде негізгі қағидаларды белгілеуді ғана емес, сонымен қатар, адамдармен байыпты жұмыс жасауды, қауіпсіздік мәселелеріне қатысты көзқарасын өзгертуді де білдіреді.

Жақсы дамыған қауіпсіздік мәдениеті әртүрлі артықшылықтарды қамтамасыз етеді.Қызметкерлер эмоционалдық және физикалық тұрғыдан жұмыс істеуде сенімді бола алады. Кадрлардың тұрақтамауы төмендейді, олардың жұмысының тиімділігі мен сапасы артады. 


Басқарма Төрағасының Жолдауы 

365 қауіпсіз күн – 100% қауіпсіздікке қол жеткізу жолында

Көп жылдар бойы еңбекті және қоршаған ортаны қорғау нормаларын сақтау тек заңнаманың талабы ретінде ғана қаралды, нормативтік-құқықтық талаптар да қауіпсіздік мәселелерін басқару жөніндегі жұмыстың бағыттарын айқындады. Тәртіп пен бақылау негізгі шаралар болып табылды. Бұл ретте өндірісте жарақаттану жағдайларының болмауы қол жеткізбейтін мақсат болып саналды немесе әрі кетсе, біз ұмтылатын арман сияқты қарастырылды.

Уақыт өте келе, біздің қауіпсіздік мәдениетіміз өндірістік процестердің күрделілігін түсіну, еңбекті қорғау мәселелеріндегі дербес жауапкершілікті арттырудың маңыздылығы мен қажеттілігін жақсарту жағына қарай өзгере бастады. Біз осы бағыттың одан әрі дамуының куәгерлеріне айналдық, ішкі команданың барынша тиімді өзара іс-қимылының нәтижесінде біз еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында өзімізді көшбасшы ретінде қабылдай бастадық. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету тек заңнамалық талаптарды орындау ғана емес, сонымен бірге қызметкерлер, мердігерлік ұйымдардың өкілдері мен қоғам алдындағы біздің адамгершілік борышымызға айналды. Бұдан басқа, біз қауіпсіздікті қамтамасыз ету және еңбекті қорғау бойынша таңдаулы тәжірибелерді енгізу ешқандай зиян әкелмейтінін түсіндік, осыған орай,қауіпсіздік қағидаларын сақтамаған жағдайда, материалдық, адами зор шығындарға және де іскерлік беделіміздің төмендеуіне алып келері анық. 

Қауіпсіздік тұрғысында ең қолайлы күн – бұл ҚМГ барлық қызметкерлері өз отбасыларына жарақат алмай аман-сау оралатын күн, апаттардың болмаған және біздің қызметіміз қоршаған ортаға зиянын келтірмейтін күн. 2014 жылы біз алғаш рет осы күндердің есебін бастадық және осы айтылған оқиғаларсыз 90 күн жұмысымызды қауіпсіз жасап шықтық. 2015 жылы бұл көрсеткіш 96 күн болса, 2017 жылдың соңына қарай 30%-ға жақсарып, 125 күнге жетті. Ағымдағы жылдың статистикасы жылдың соңына қарай 200  қауіпсіз күнді болжауға мүмкіндік берді, алайда оң серпінге қарамастан, біз әлі де болса жаңа жетістіктерге қол жеткізуге ұмтыламыз. Біздің алдымызға қойған мақсатымыз 365 қауіпсіз күнге жақындаған сайын әрбір келесі күнге қол жеткізу үшін күш-жігерімізді көбірек жұмсайтынымызды түсінуіміз керек.

Сол себепті біз «100% қауіпсіздік» бағдарламасын іске қосамыз. Егер бұрын жазатайым оқиғалар мен апаттардың толықтай болмауы біздің пайымымыз болса, ал енді – бұл нәтижені күту болып табылады. Бұл біздің өзіміздің және мердігердің қызметкерлеріне тиісті құқықтарын бере отырып, егерде қауіпсіздік техника қағидалары орындалмау, бұзу немесе «100% қауіпсіздік» қағидатынан ауытқушылық орын тапқан кездерде, олар өз пікірін ашық айта алатынын, жұмыс барысына араласа отырып, қойылған талаптарға сәйкестендіруді қамтамасыз ететінін күтеміз.

Қауіпсіздік ережелерін 100% сақтау деген ұстаным ҚМГ компаниясының негізгі құндылықтарының бірі болып табылады. Бұл жай ғана ұран емес!

Мен және ҚМГ басшылығының бәрі «100% қауіпсіздік» қағидатын бұлжытпай орындаймыз. Компанияның барлық тобы бойынша осы жолдаудың таратылуын және дұрыс түсінуін қамтамасыз етуді сұраймын.


Құрметпен,
Сауат Мыңбаев