Автобензиндердің жоғары октанды компоненттерін алатын негізгі процесстер: мұнайды алғашқы өңдеу қондырғысынан алынған фракциялардың каталитикалық риформингі мен мұнайдың ауыр фракцияларының (вакуумдық газойль) калитикалық крекингі. 1992 жылдан бастап кәсіпорын этилденбеген бензиндерді шығаруға көшті.
«ПМХЗ» АҚ шығаратын бензиндер экологиялық қасиеттерімен ерекшеленеді және Қазақстанның көптеген аймақтарындағы тұтынушыларға жеткізіледі.
Бензиндер іштен оталатын (ұшқынан) поршенді қозғалтқыштарда қолдану үшін арналған. Автобензиндер сапа жағынан физика-химиялық және пайдаланудағы өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады,
детонациялық тұрақтылық (октанды сан),
индукциялық кезең,
күкірт құрамы, қорғасынның топталуы
қаныққан бу қысымы.
Детонациялық тұрақтылық - автомобиль бензиндерінің сығылған кезде өздігінен тұтануға қарсы тұра алатын төзімділігін сипаттайтын көрсеткіш. Отынның жоғары детонациялық тұрақтылығы, қозғалтқышты іске қосқанда барлық режимінде қалыпты оталуын қамтамасыз етеді. Автобензиндердің детонациялық тұрақтылығының көрсеткіші - октандық саны, ол н-гептан қоспасының құрамындағы изооктанды көрсетеді, оның детонациялық тұрақтылығы стандарттық жағдайда сыналатын отынға баламалы. Октандық сан екі әдіспен анықталады: моторлы (МӘ) және зерттеу (ЗӘ), олардың бір-бірінен айырмашылығы сынақтардың жүргізілуінде. МӘ алынған октанды саны, отынның детонациялық тұрақтылығын автомобилді жоғары жылдамдықта пайдалану режимі кезінде сипаттайды, ал ЗӘ бензиннің қалалық жағдайдағы жартылай жұмсалған қуатын сипаттайды.
Тауар бензиндерінің химиялық тұрақтылығын индукциялық кезең сипаттайды, ол -сынақтың басынан тотығу процессіне дейінгі уақыт. Индукциялық кезең жоғары болған сайын, соғұрлым ұзақ мерзім сақтағанда бензиннің тотығуға төзімділігі жоғары. Индукциялық кезеңі 900 мин. кем сипатталмайтын бензиндер, гарантиялық сақтау мерзімі ішінде өз қасиетін сақтай алады (5 жыл). Автобензиндер химиялық бейтарап болуы шарт және коррозияға ұшырамауы тиіс. Бензиндердің коррозиялық белсенділігі мен өнімдерінің жануы, жалпы және меркаптан күкірті, құрамында суда еритін қышқыл мен сілті, судың бар болуына байланысты.
Бензиндердің экологиялық көрсеткіштерінің ішіндегі маңыздысы - олардың құрамындағы қорғасынның қосындысы. «ПМХЗ» АҚ толығымен этил сұйықтарын қолданудан бас тартты. Автобензиндердің құрамында улы қорғасын қосылыстары кездеспейді.
Қаныққан булардың қысымы мен фракциялық құрамы – бензиндердің іске қосу қасиеттерін, будың жиналып кептеліп қалуына бейімділігін, физикалық тұрақтылығын анықтайды. Қаныққан булардың қысымы төмендегенде бензиндердің іске қосу қасиеттері де нашарлайды. Бензин буларының 34 кПа қысымында шоғырлануының соншалықты аз болғанынан, қозғағышты іске қосу мүмкін емес.
«ПМХЗ» АҚ АҚ СТ 39334881-001-2006 маркасы АИ-80Н, АИ-92Н, АИ-95Н, АИ-98Н боялмаған автобензиндерді өндіреді.
Дизел отыны негізінен - күкірт, азот, оттек құрамды, металлорганикалық қосылыстарын азайту мақсатында сумен тазалау процесстерінен өткен, мұнайды алғаш өңдейтін қондырғыдан алынған тура айдалатын компоненттерді араластыру жолымен өндіріледі. Дизел отынының жазғы және қысқы маркаларымен пайдаланғанда қозғағыштың қалыпты жұмысы қамтамасыз етіледі, отынның шығыны қысқарады. «ПМХЗ» АҚ-ы төмен температурада қататын, техниканы қатты аязда пайдаланғанда төзімді дизел отынын шығаруды игерді.
Сығылған кезде оталатын қозғағышта және кейбір газотурбиндық қозғағыштарда пайдаланады. Дизел қозғағыштарында сығудың деңгейі жоғары, соның салдарынан отынның меншікті шығыны карбюратор қозғағыштарына қарағанда 25-30% төмен. Дизел отынының сапасының негізгі көрсеткіштері:
өзінше тұтанғыштық (цетан саны),
фракциялық құрамы,
тығыздығы мен тұтқырлығы,
тұтану температурасы.
төмен температурадағы қасиеті.
Цетан саны – дизел отынының өзінше тұтанғыштығының негізгі көрсеткіші. Ол, қозғағышты іске қосу, жұмыс процессінің қатаңдығын (қысымның өсу жылдамдығы), отынның шығыны мен пайдаланылған газдың түтінін анықтайды. Отынның цетан саны неғұрлым жоғары болса, соғұрлым қысымның өсу жылдамдығы төмен, жану камерасында оның алдын ала тотығу процесстері тез өтеді және қоспа тұтанып қозғағыш тез іске қосылады.
Фракциялық құрамы – отынның жану процессіне ықпалын тигізетін көрсеткіш. Жеңіл фракциялық құрамды отынның жануына ауа аз мөлшерде жұмсалады, соның нәтижесінде уақыт үнемделіп қоспаның түзілу процесстері толық өтеді.
Тұтқырлық пен тығыздық булану процессі мен дизелде қоспаның түзілуін анықтайды. Олардан отындық факелдің пішіні мен құрылымы, пайда болатын тамшылардың көлемі, олардың жану камерасына өту қашықтығына байланысты. Төмен тұтқырлық пен тығыздық отынның бірқалыпты жайылуын қамтамасыз етеді; осының әсерінен тамшылардың көлемі ұлғайып, олар толық жанып кетпейді, нәтижесінде отынның меншікті шығыны ұлғаяды, пайдаланылған газдың түтіні өседі. Тұтқырлық плунжерлердің тозуына байланысты.
Тұтану температурасы отынның өрт қаупін анықтайды. 305-82 МСТ-қа сәйкес, 40○С-тұтану температурасымен дизелдерді жалпы қолдануға арналған, 62○С- тепловоз бен кеме дизелдеріне арналған отын өндіру қарастырылады.
Төмен температурадағы ерекшеліктер - лайлану, қату температурасы көрсеткіштерімен сипатталады. Дизел отындардың көпшілігі үшін, олардың арасындағы айырмашылық 5-7○С.
Тоңазуы төменгі температурада қолданылатын дизел отындарын өндіргенде фильтрлеудің шектес темпратурасы немесе күңгірттену температурасы көрсеткіштері бақыланады.
«ПМХЗ» АҚ 305-82 МСТ-қа сәйкес дизел отынының келесі маркаларын өндіреді.
Л-0,2-40;
Л-0,2-62.
АҚ СТ 39334881- 003-2006 сәйкес:
ПЗ-0,2 минус 30;
ПЗ-0,2 минус 25;
ПЗ-0,05 минус 30;
ПЗ-0,05 минус 25;
Л-0,2-40;
Л-0,2-62;
Л-0,05-40;