«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan

ПНХЗ: тарих және қазіргі кезең

1949 жылы «Гипронефтезаводы» Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институты Павлодар қаласының солтүстік өнеркәсіптік аймағында мұнай өңдеу зауытын (бастапқыда зауыт осылай аталған) салу үшін алаң таңдалған болатын. 1970 жылы мұнай өңдеу қуаттылығы жылына 12 млн. тонна Павлодар мұнай өңдеу зауытын салуға арналған Грозный қаласының «Грознефтехим» институтының жобасы бекітілді.

1971 жылы зауыт құрылысы басталды.

1978 жылы зауыттың бірінші кезегі – қуаттылығы жылына 6 млн. тонна мұнайды алғашқы өңдеу жөніндегі ЛК-6У кешені пайдалануға берілді.

ЛК-6У қондырғысы батыс-сібір мұнайларының қоспасын өңдеуге арналған болатын. Зауыттың бірінші кезегі объектілеріндегі іске қосу-жөндеу жұмыстарын «Оргнефтехимзаводы» ВИПТ мамандары жүргізді. Павлодар мұнай өңдеу зауыты ұжымының негізін елдің мұнай өңдеу зауыттарынан, негізінен Новокуйбышевскіден, Уфадан, Пермнен, Омбыдан шақыртылған адамдар құрады. Білікті мамандар болатын олар ЛК- 6У қондырғысын іске қосуды табысты орындады және оның қуаттылығын мерзімнен бұрын игерді, кейіннен олар Павлодар мұнай өңдеушілерінің бірнеше буынын даярлады.

1978 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің Бірінші хатшысы Д.А. Қонаев зауытта болып қайтты. Ол Қазақстан өнеркәсібінің дамуында зауыттың ерекше орын алатынын атап өтті.

1979-1989 жылдары зауыттың екінші кезектегі объектілері: күкірт өндіру және битум өндіру қондырғылары, КТ-1 мазутты тереңдетіп өндеу кешені, баяулатып кокстеу қондырғысы, мұнай коксын шынықтыру қондырғысы салынып, пайдалануға енгізілді. Мұнайды қайталап өңдеу бойынша барлық технологиялық кешендердің іске қосылуымен зауыттағы мұнай өңдеу тереңдігі 85% құрады.

Зауыттың технологиялық сұлбасы мұнайдың терең өңделуін көздейді және ауыр мұнай фракцияларын ұтымды өңдеу арқылы мұнайдың тиімділігі жоғары пайдаланылуына бағытталған.

1983 жылы бұрынғы Кеңес Одағының мұнай өңдеу саласында Одақтағы бірінші КТ-1 мазутты тереңдетіп өңдеу жүйесі алғашқы рет енгізілді, ол кейіннен басқа зауыттарда да кеңінен қолданысқа енді.

Зауыттың Бас жобасы 1985 жылы «Грозгипронефтехим» институтынан «ВНИПИнефть» Омбы филиалына тапсырылды.

Павлодар мұнай өңдеу зауытының объектілерін Павлодар қаласы мен республиканың құрылыс және мамандандырылған ұйымдары салды: бас мердігерлер - «Павлодарпромстрой» тресті, «Павлодарстройпуть» басқармасы және қосалқы мердігерлік ұйымдар – Павлодар монтаждау басқармалары - «Нефтехиммонтаж», «Строймонтаж», «Промсантехмонтаж», «Казстальконструкция», «Казэлектромонтаж», «Казтеплоизоляция», сондай-ақ «Союзтеплострой» Қазақ құрылыс-монтаждау басқармасы, «Востокхимзащита» трестінің Өскемен басқармасы, «Спецжелезобетон» трестінің Орта Азиялық мамандандырылған басқармасы, «Союзтяжэкскавация» трестінің №12 жылжымалы механикаландырылған колоннасы. Павлодар мұнай өңдеу зауытының бірінші кезегін салу кезіндегі «Павлодарпромстрой» трестінің техникалық прогрессті дамыту саласындағы жетістіктері 1979 жылы КСРО Халық шаруашылығының жетістіктері көрмесінде (ХШЖК) көрсетіліп, Бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды.

1983 жылы Павлодар мұнай өңдеу зауытының бірінші кезегін жобалау және салу үшін КСРО Министрлер Кеңесінің Сыйлығы берілді. Лауреаттар қатарында зауыт жұмыскерлері де болды.

1989 жылы Павлодар мұнай өңдеу зауыты Сыртқы экономикалық байланыстар қатысушыларының мемлекеттік тізіліміне енгізіліп, экспорттық-импорттық жеткізілімдерді жүзеге асыра алатын болды. Бұл зауыттың болашақтағы тағдырындағы маңызды кезең болды.

1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін зауыт мүлдем жаңа өндірістік қатынастарға енді: барлық шаруашылық байланыстар бұзылды, нарықты игеру қажет болды. Жоспардан тыс шығарылған өнімді өткізуге қатысты тура шарттар нарықты игеруге негіз болды. Зауыт тарихында алғаш рет сатып алынатын мұнай, орнын басу сұлбасы бойынша алынатын мұнай түсініктері пайда болды.

1995-1996 жылдары зауытта шикізат нақты болған жоқ, зауыттың технологиялық кешендері ұзақ уақыт жұмыс істеген жоқ, күрделі қаржы жағдайы сақталып тұрды. Дағдарыстан шығу жолдары іздестірілді.

1997-2000 жылдары «CCL OIL LTD» американдық компаниясы зауыттың инвесторы болды. Бұл күрделі дағдарыс кезеңінде зауыт шикізат тапшылығы мен жеткіліксіз қаржыландыру кезеңінде жұмыс істеді. Инвесторлар инвестициялық міндеттемелерін орындамай, зауыттың тұрақты жұмысын қамтамасыз етпеді, сондықтан зауыттың мүліктік кешені мемлекетке қайтарылған болатын.

Зауыт жұмыс істеп тұрған уақыт ішінде акционерлер мен заңды мәртебесі бірнеше рет өзгерді:

  • 1978 - 1994 жылдары – Павлодар мұнай өңдеу зауыты (ПМӨЗ);
  • 1994 - 1997 жылдары – «Павлодар мұнай өңдеу зауыты» акционерлік қоғамы («ПМӨЗ» АҚ);
  • 1997 - 2000 жылдары – «Павлодар мұнай өңдеу зауыты - CCL» жабық акционерлік қоғамы («ПМӨЗ - CCL» ЖАҚ);
  • 2000 жылы (VII-XI) – «Павлодар мұнай өңдеу зауыты» акционерлік қоғамы («ПМӨЗ» АҚ);
  • 2000 жылғы қарашадан бастап – «Павлодар мұнайхимия зауыты» акционерлік қоғамы («ПМХЗ» АҚ);
  • 2009 жылғы тамызда – «ПМХЗ» АҚ «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының компаниялар тобына кірді;
  • 2013 жылғы наурызда – «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС ( «ПМХЗ» ЖШС).

Зауыт ұжымын әр уақытта келесі директорлар басқарды: В.И. Брендес, А.Н. Белоусов, Г.Г. Мощенко, С.А. Мералиев, О.М. Ли, А.И. Дука, Д.Ш. Жарасов, Ю.М. Гинатулин, Р.С. Бектұров, В.Г. Фомин, Ш.Ә. Данбай.

2017 жылғы желтоқсан айынан бастап, Әлсейітов, О.Б. - «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС бас директоры. Зауыт құрылысын директордың күрделі құрылыс жөніндегі орынбасарлары: В.Н. Житин, С.А. Вольфсон, Ж.К. Жапаров басқарды.

Келесі бас мамандар зауыттың техникалық саясатын белгілеп, мұнайды өңдеу, жоғары сапалы өнім шығару және өнімнің түржиынын кеңейту бойынша технологияны жетілдірді:

  • Бас инженерлер, техникалық директорлар – А.Н. Белоусов, Г.Д. Мостовых, С.А. Вольфсон, В.Т. Ливенцев, С.Г. Андрияшин, Р.Т. Шарипов, Е.П. Двуреков, О.Б. Әлсейітов, И.В. Дубинин. 2017 жылғы қарашадан бастап Д.А. Күжекбаев - бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары – бас инженер;
  • Бас технологтар – С.А. Вольфсон, В.Р. Вайнбендер, В.А. Карякин. 2001 жылдан бері бас технолог, 2016 жылдан бастап бас инженердің мұнай өңдеу жөніндегі орынбасары А.А. Аникин.
  • 1994, 1997, 2014 жылдары зауытқа Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев келді.

2000 жылдың қараша айынан бастап «ПМХЗ» АҚ қызметін бастады, мұнайды өңдеу мен мұнай өнімдерін өндіру көлемін арттырып, шикізатты тұрақты жеткізуді қамтамасыз етті.

2000 - 2009 жылдары зауыттың қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін жыл сайынғы жөндеу, жаңғырту және кәсіпорындарды техникалық қайта жарақтандыру үшін елеулі инвестициялар жасалды; мұнай шламын өңдеуге арналған қондырғылар, күкіртті түйіршіктеу, сутегі өндірісі; заманауи бақылау және өлшеу құралдары, диагностикалық аспаптар мен жүйелер сатып алынды; кәсіпорынның тауарлық зертханасы мен автокөлік паркі толығымен жаңартылды.

2009 жылғы тамызда зауыт «ҚМГ» ҰК» АҚ құрамына кірді, бұл жағдай зауыттың бұдан әрі техникалық және әлеуметтік дамуына оң әсерін тигізді.Зауытты «ПМХЗ» ЖШС бас директоры Шухрат Әбдірашитұлы Данбай басқарды: Басқарушы компания мұнай өңдеушілерге әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ете отырып, жаңа заманауи технологияларға, жаңа технологиялық ой-өріске және біліктілігі жоғары ұжымға үміт артылды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша еліміздің мұнай өңдеу зауыттарын, оның ішінде ПМХЗ жаңғырту бойынша мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылды.

2009 жылғы қараша айында қол қойылған «ҚазМұнайГаз» ҰК »АҚ компаниялары мен италиялық Eni S.p.A компаниялары арасындағы ынтымақтастық туралы келісім негізінде, ПМХЗ жаңғырту жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді.

2012 жылғы 28 мамырда ПМХЗ итальяндық Technip Italy S.p.A компаниясы мен жобалау құжаттаманы Қазақстан Республикасының нормативтік талаптарына бейімдеу үшін жауапты «ИК Казгипронефтетранс» ЖШС қазақстандық компаниясы арасында «ПМХЗ жаңғырту» жобасының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жөніндегі қызметтерге қатысты үш жақты келісім-шартқа қол қойды.

2013 жылғы 30 шілдеде SC Rominserv SRL румын компаниясымен белгіленген шекті бағамен жұмыс құжаттамасын әзірлеуге, құрал-жабдықтар мен материалдардың сатып алынуын жүзеге асыруға, құрылыс-монтаждау жұмыстарын өндіруге (ЕРС-келісім шарт) шарт жасасылды. Осы сәттен бастап ПМХЗ жаңғырту жобасы практикалық іске асырылу кезеңіне көшті, себебі жобаның кепілді пайдалану көрсеткіштеріне бағытталған барлық жұмыстарды орындау шартпен көзделген.

2014 жылғы қаңтарда ЖСҚ әзірлеуге қатысты Technip Italy S.p.A жасасылған келісім-шарт бұзылып, SC Rominserv SRL компаниясымен 1 Фазаның ЖСҚ әзірлеуге қатысты келісім-шарт жасасылды, ол компания өз кезегінде Жобаның жалғыз жауапты орындаушысы болады.

Зауытты жаңғырту жобасын іске асыруға ірі компаниялар – мұнай өңдеу саласындағы технологиялар лицензиарлары: UOP Limited (Ұлыбритания), Siirtec Nigi (Италия), Haldor Topsoe (Дания). Сондай-ақ : «NFC» (Қытай), «Владимиртепломонтаж» (Ресей), ПАО «Омскнефтехимпроект»ӨАҚ (Омбы қаласы, Ресей), "ВНИПИнефть" ЖШҚ (Мәскеу, Ресей) қатысады. Зауыт олармен сенімді серіктестік қатынас орнатты.

Павлодар мұнайхимия зауытын жаңғырту жобасының басты мақсаты Кеден одағының Технологиялық ережелерінің талаптарына сәйкес K4, K5 экологиялық кластың мотор отындарын шығару болып табылады.

2016 жылғы 12 желтоқсанда жаңғыртудың мұнайды бастапқы өңдеу кешеніне (ЛК-6У) арналған әрқайсысының салмағы 500 тоннадан асатын Р-301/1 және Р-301/2 екі габаритті емес дизель отынын гидротазарту реакторын ПМХЗ жеткізу және жобасы бойынша орнату жөніндегі ең ірі жобасы аяқталды. Біздің өңірге бүкіл әлемнен жабдықтарды перспективті жеткізу жолын ашып, реакторлар ПМХЗ Солтүстік теңіз жолы арқылы оңтүстік кореялық Ульсан қаласындағы портынан 14 мың. км артық жол жүрді, Бұл жабдықты қолдану зауытқа (Евро-5 аналогы) К5 экологиялық класты дизель отынын алуға мүмкіндік береді.

2017 жылғы 1 сәуірден бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өңдеу департаментінің директоры Оспанбек Әлсейітов «Павлодар мұнай-химия зауытын жаңғырту» жобасының жетекшісі болып тағайындалды.

2017 жылғы 24 сәуірде ПМХЗ жаңа технологиялық кешендердегі құрылыс-монтаждау жұмыстарының механикалық аяқталуы туралы актіге қол қойылды: құрамдастырылған күкірт өндіру және изомерлеу және нафталық сплиттер қондырғысы, оның ішінде жалпы сыйымдылығы 10мың м3 болатын жоғары октанды бензин (изомеризат) компонентіне арналған екі сұйыққойманы қоса және қуаттылығы жылына 2 091 мың тонна бензинді араластыру станциясы.

2017 жылғы шілде-қараша айларында жаңадан салынған қондырғыларда - құрамдастырылған күкірт өндіру және изомерлеу және нафталық сплиттер қондырғысында іске қосу-баптау жұмыстары жүргізілді. Мердігерлік жұмыстарды тиісінше қытайлық NFC және Rominserv SRL компаниясы жүргізді.

Павлодар мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жобасының шеңберінде қолданыстағы қондырғылар да қайта жаңартылды:

  • Бастапқы мұнай өңдеу кешенінде (ЛК-6У) - дизель отынын және керосинді, атмосфералық айдау, нафтаны гидротазарту, каталитикалық риформинг қондырғылары. Зауытқа нафтаны гидротазарту, дизельді отын және керосин гидротазарту технологиялық үдерістерінің лицензиарлары, - даниялық Haldor Topsoe компаниясына; Penex технологиясына негізделген лицензиялық изомерлеу үдерісіне (бензиннің октандық саны көбеюіне оңтайлы жағдайлардың бірі, лицензиар UOP болып табылады) арналған катализаторлар жеткізілді
  • Технологиялық лицензиарлардың катализаторлары зауытқа жеткізілді, дизель отыны мен керосин үшін гидротазарту қондырғысын қайта құру компанияға 2017 жылдың соңында K4 дизель отынын өндіруді бастауға мүмкіндік берді.
  • Мұнайды терең өңдеу кешені (КТ-1) вакуумдық газойльді гидротазарту қондырғысы және каталитикалық крекинг қондырғысының реакторлық-регенерациялық блогі (РРБ) қайта жаңартылды.РРБ қайта құру компанияға гидротазылған вакуумдық газдың жылына шығарылатын 1,250 мың тоннадан жылына 1 900 мың тоннаға дейін өңдеу қуатын арттыруға мүмкіндік берді.

2017 жылғы 13 қарашада Павлодар мұнайхимя зауытында K4 экологиялық класты АИ-92 бензинінің алғашқы партиясы алынды.

Павлодар мұнайхимия зауытында жаңа өнімнің алғашқы партиясын шығару «ПМХЗ» ЖШС-ны қайта құру және жаңғырту» жобасының басты мақсатына қол жеткізу нәтижесі болып табылады, яғни Кеден одағы Техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес К4 және К5 экологиялық класты мотор отындарының сапасын жақсарту.

2017 жылғы күрделі жөндеу Павлодар мұнайхимия зауытының тарихындағы ең ұзын мерзімді болды. Бұл өндірісті кең ауқымда қайта жаңарту және ПМХЗ жөндеу аралық мерзімін ұзарту циклына көшіруге байланысты болды. Кәсіпорындағы күрделі жөндеу жұмыстары кезеңінде жаңғырту жобасының аясында салынған жаңа технологиялық циклдарға енгізілген қалпына келтірілген қондырғылар мен жаңа өндірістік кешендерді қоса алғанда, барлық қажетті жұмыстар орындалды.Компанияның күрделі жөндеу мерзімі мен көлемі өндірістік қауіпсіздік талаптарының орындалуын және зауыттың күрделі жөндеу кезеңіне өтуін ескере отырып анықталды.

Күрделі жөндеу мен жаңарту жұмыстарына 20-дан астам мердігерлік компаниялар тартылды, мердігерлік ұйымдардың 2500-ден астам мамандары жұмылдырылды. Олармен бірігіп, МБӨК,МТӨК, ауыр мұнай қалдықтарын өңдеу кешені, мұнай өнімдерін компаундирлеу және тиеу, технологиялық кешендерінің , сумен қамтамасыз ету және кәріз жүйесі, бас механик бөлімі және басқа да құрылымдық бөлімшелер жұмыскерлері жұмыс істеді.

Өндірісте 240 бірлік техника, оның ішінде «СОПиГ» ЖШҚ ресейлік компаниясы ұсынған 1350 тонна жүк көтергіштігі бар өздігінен жүретін , сидақты LIEBHER LR11350 шығыраны тартылды.

ПМХЗ жаңғырту жұмыстарының аяқталу мерзімі 2017 жылғы қазан айының соңына белгіленді. Үлкен қиындықсыз ешқашан үлкен істер жүзеге аспайды Жаңғыртуға бойынша салынған жаңа қондырғылар дайын болды, бірақ күрделі жөндеу жұмыстарыбарысында жоғары білікті дәнекерлеуші қызметін мен арнайы жабдықтарды талап ететін сутегі өндіру қондырғысында зақымдану болуы анықталды. Ұлыбританиядан қажетті бөлшектерді әкелуге тапсырыс берілді, Павлодарға қараша айының соңында әуе көлігімен жеткізілді. Оны орнатуға зауытқа «Amec Foster Wheeler» (Ұлыбритания) СӨҚ бу риформингі пешін әзірлейтін компанияның өкілдері және «Errezeta Ltd.» (Италия) компаниясының мамандары келді.

ПМХЗ күрделі жөндеудің аяқталу мерзімнің бұзылуы және жаңғырту аяқталғаннан кейін зауытты жалпы іске қосу ішкі нарықты дизель отынымен қамтамасыз ету бойынша республикада шиеленісті жағдайды туғызды.

Сутек өндіру қондырғысы 19 желтоқсанда іске қосылды . 20 желтоқсан күні СӨҚ жобалық қуаттылыққа шықты. 22 желтоқсаннан бастап зауыт K4 класты дизель отын шығаруға кірісті.

25 желтоқсанда кәсіпорында изомерлеу қондырғысы енгізілгеннен кейін Кеден одағының Техникалық регламентіне сәйкес К4 автокөлік бензинін өндіруге қажетті барлық компоненттер алынды.

25 желтоқсанда зауытта изомерлеу қондырғысы енгізілгеннен кейін кәсіпорында Кеден одағының Техникалық регламентіне сәйкес К4 автокөлік бензинін өндіруге қажетті барлық компоненттер алынды.

2017 жылғы 28 желтоқсандағы «ПМХЗ» ЖШС № 1639 бұйрығымен «Павлодар мұнайхимия зауытын жаңғырту» жобасы аяқталған құрылыс объектілерінің қабылдау актісі бекітілді.

2017 зауыт тарихына ірі жобаларды аяқтау жылы ретінде кірді: Павлодар мұнай өңдеу зауытын жаңғырту, қолданыстағы өндірісті жаңарту және жөндеу жұмыстарының циклін ұлғайтуға бағытталған кәсіпорынды ауқымды күрделі жөндеу.

Жаңадан екі жаңа технологиялық кешен салынды және пайдалануға берілді: елімізге экологиялық таза отандық отынның алғашқы партиясы - K4 стандартындағы бензин мен дизель отынын берген изомерлеу және нафта сплиттері қондырғысы және құрамдастырылған күкірт өндіру қондырғысы.

K4 экологиялық класты отынның шығарылуы:

ГМЕМСТ 32513-2013 «Мотор отыны. Этилденбеген бензин. Техникалық талаптар»

МЕМСТ 32511-2013 (EN 590:2009) «Дизельдік отын EURO. Техникалық талаптар»

ПМХЗ жаңғырту мақсатына қол жеткізілді. Мұның бәрі Павлодар мұнайхимия зауытын мұнай өңдеудің сапалы жаңа деңгейіне шығаруға мүмкіндік берді.