1964 жылы туған.
Кеңес армиясы қатарында борышын өтеді.
Оның үш жоғары білімі бар: Қазақ химия-технологиялық институтын «Отын және көміртекті материалдардың химиялық технологиясы», Инновациялық Еуразия университеті (бакалавриат) және коммерциялық емес білім беру мекемесі КБМ «Алматы менеджмент университеті» «менеджмент» (ғылыми дәрежесі – іскерлік әкімгерлік магистрі) мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 4-ші разрядты оператор, ауысым жетекшісі, технологиялық цех бастығының орынбасары, Павлодар МӨЗ-де мазутты терең өңдеу кешені отын цехының бастығы болып бастады.
2008 жылдан бастап 2016 жылға дейін Техникалық директордың орынбасары - Өндірістік қызметінің бастығы, Техникалық директордың бірінші орынбасары, Техникалық директор, Павлодар мұнай-химия зауытының бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары - бас инженері.
2016 жылдан 2017 жылға дейін - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Мұнай өңдеу департаментінің директоры. 2017 жылдың сәуірінде «Павлодар мұнайхимия зауытын жаңғырту» жобасының жетекшісі болып тағайындалды.
2017 жылдың қарашасында О.Б. Әлсейітов бас директордың міндетін атқарушы болып тағайындалды, желтоқсанда - «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС бас директоры. ПМХЗ -дағы жұмыс тәжірибесі шамамен 25 жыл.
Бір қатар рационализаторлық ұсыныстардың авторы. 2007 жылы № 3 Ресейлік «Отын және мұнай өнімдерінің химиясы және технологиясы» техникалық журналында еңбегі басылып шықты («КТ-1 каталитикалық крекинг қондырғысының реакторлық блогі жабдықтарын жаңғырту»).
Ол «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2002) мерейтойлық медалімен, «Зауытқа 30 жыл» (ПМХЗ, 2008), «ҚазМұнайГаз» естелік белгісімен (2010), «Зауытқа 35 жыл» мерейтойлық медалімен (ПМХЗ, 2013), «Құрмет» орденімен (2014ж.), Павлодар облысы 75 жылдығына орай мерейтойлық медалімен (2012), «Қазақстан мәслихатының 20 жыл» медалімен (2014ж), Павлодар қалалық мәслихатының Құрмет грамотасымен (2014ж.), «Атырау мұнай өңдеу зауытының 70 жылдығы» мерейтойлық медалімен (2015ж), «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС 30 жылдығы (2015) мерейтойлық медалімен, «Самұрық-Қазына» АҚ Құрмет грамотасымен (2017) марапатталды.
«Нұр Отан» партиясының мүшесі, 2012 жылдан 2016 жылға дейін №15 сайлау округі бойынша Павлодар қалалық Мәслихатының V-VI шақырылымы депутаты.
Үйленген, үш баласы бар.
1969 жылы туған.
Қазақ химия-технологиялық институтын (1993) «Отын және көміртекті материалдардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша бітірген, инженер-химик-технолог.
1986-1993 - Қазақ химия-технологиялық институтында оқу.
Қазақ химия-технологиялық институтын бітірген соң, өзінің еңбек қызметін Павлодар мұнайхимия зауытында №1 (мұнайды бастапқы өңдеу кешені) ЛК-6У технологиялық цехының 5-разрядты технологиялық қондырғыларының операторы болып бастады
1996-2000 жж. - ЛК-6У цехының ауысым бастығы
2000-2011 жж. - Күкіртті мұнайдан каталитикалық реформингі қондырғысының бастығы, №1 ЛК-6У цех бастығының орынбасары, модернизациялау және дамыту бөлімінің бастығы.
2011-2018 жж. - №1 ЛК-6У цехының бастығы, өндіріс бөлімінің бастығы-бас технолог
2018-2020 жж. - өндірістік активтердің сенімділігі және механикалық тұтастығы департаментінің директоры
19.03.2020 - 15.09.2020 ж. - Бас директордың өндіріс жөніндегі бірінші орынбасары - бас инженердің міндетін атқарушы
2020 жылғы қыркүйектен - «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі бірінші орынбасары - бас инженері
Марапаттары бар: «Ерен еңбегі үшін» медалі, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы, «Казахстанның мұнайына 120 жыл» мерейтойлық медалі.
1986 жылы туған.
Ньюкасл университетін «Іскери әкімшілік» мамандығы бойынша тәмамдады.
2009 жылдан 2010 жылға дейін «ҚазТрансГаз» АҚ инвестициялық саясат департаментінің менеджері болып жұмыс істеді.
2010-2012 жж. – «Beimar Oil» ЖШС директоры.
2012-2015 жж. – «ТехноцентрЛтд» ЖШС - бас бухгалтердің орынбасары, қаржы директоры.
2015 ж. – «Сұйылтылған газдарды сақтау паркі » ЖШС - бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.
2015 жылғы желтоқсаннан – «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор, экономика және қаржы департаментінің директоры.
2018 жылғы қыркүйектен – «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-нің бас директорының корпоративтік функциялар жөніндегі орынбасары.
Үйленген, үш баласы бар.