Зауытта кадрлық саясатқа көп көңіл бөлінеді, оның мақсаты персоналды тиімді басқару, оны дамыту, ортақ корпоративтік құндылықтармен біріктірілген кәсіби және ұйымшыл ұжым құру.
«ПМХЗ» ЖШС-де 2400-ден астам жұмыскер еңбек етеді, персоналдың үштен бір бөлігін 35 жасқа дейінгі жас мамандар құрайды. Зауыттың әрбір екінші жұмыскерінің жоғары кәсіби білімі бар. Зауыт жұмыскерлерінің орта жасы – 40 жас
ПМХЗ қызметінің табысты болуы көбінесе кәсіпорынның алға қойған стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне жету үшін нарықтың өзгеріп отыратын талаптарына дер кезінде әрекет ете алатын жұмыскерлерінің біліктілік деңгейімен анықталады. Сондықтан персоналды іріктеу «ПМХЗ» ЖШС кадр саясатының басым міндеттерінің біріне жатады
Зауыттың қажеттілігіне сәйкес персонал құрамының саны мен сапасының жаңаруы мен сақталуының оңтайлы балансын құру үшін ПМХЗ-да персоналды іздеу, таңдау және бейімдеудің ашық жүйесін қамтамасыз ететін персоналды конкурстық таңдау қағидалары енгізілді. Қабылдануға үміткерлер міндетті іріктеу кезеңдерінен өтеді: тестілеу, құрылымдық бөлімшеде әңгімелесу, зауыттық конкурстық комиссияда панельдік сұхбат. Персоналды таңдау үдерісі автоматтандырылған және кадрларды іріктеудің барлық кезеңдерінде түйіндеме қозғалысының ашықтығын қамтамасыз ететін «Электронды рекрутинг» ақпараттық жүйесі қолданылады.
Жұмысқа қабылданған жұмыскерлерді бейімдеу мақсатында еңбек ұжымына енуді, қарым-қатынастардың белгіленген нормаларын қабылдауды жеңілдететін және кәсіби білім мен дағдылар жүйесін игеруге жәрдемдесетін бейімдеу бағдарламасы әзірленді. Ауысым бойынша аға буын басшыларының, мамандардың және жұмысшылардың орнына кадрлық резерв құрылды, оларды тағылымдамадан өткізу, оқыту және аттестаттау тәртібі анықталды. Кадрлық резерв үнемі жаңартылып отырады
Кәсіпорында жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды қамтитын персоналды дамыту бағдарламасы бар. Персоналды дамыту бағдарламасын іске асыру үшін тиісті жағдайлар жасалды: зауыттың барлық цехтарында/кешендерінде теориялық оқуға арналған кабинеттер бар, оқу орталығы оқу үдерісіне белсенді қатысады, ол жаңа жабдықтармен, заманауи оқу құралдарымен, технологиялық үдерістерге арналған мультимедиялық оқу кешендерімен, компьютерлік оқыту кешендерімен жабдықталған
«ПМХЗ» ЖШС әлеуметтік серіктестік жобаларын іске асыруға белсенді қатысады. Осылайша, 2013 жылы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ пилоттық жобасы шеңберінде ПМХЗ-да Павлодар химия-механикалық колледжімен бірлесіп оқытудың дуальды формасы сәтті енгізілді, оған сәйкес студенттер өндірісте практикалық және теориялық сабақтардың 60%, ал 40% колледжде өтеді. Дуальды білім беру жүйесін құру үшін оқу бағдарламалары қайта қаралды, теориялық және практикалық сабақтар санына өзгерістер енгізілді, колледждің оқу шеберханаларында күрделі жөндеу жүргізілді, кәсіпорында оқу полигоны мен оқу зертханасы құрылды, жабдықтар, арнайы киім және жеке қорғаныс құралдары сатып алынды. Әрбір студентке тәжірибелі тәлімгер бекітілді.
2018 жылдан бастап С.М.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті «Жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу», «Мұнай-газ үдерістерінің технологиясы» мамандықтары бойынша дуальды оқыту жобасына қатысады. Университеттің техникалық базасын жабдықтау үшін реактивтер мен зертханалық жабдықтардың 11 түрі берілді, арнайы жабдықтар, сыныптарға арналған жиһаздар алынды, жалпы ауданы шамамен 650 шаршы метрлік кабинеттер мен зертханалар жөнделді. Оқу орындарымен мұндай ынтымақтастық оң нәтиже береді, дуальды жүйеде оқыған түлектердің 80 пайызы жоғары білім деңгейін көрсетті, конкурстық комиссияның іріктеуінен өтіп, зауытқа жұмысқа орналасты.
Зауытта жарқын болашағы, өндірістік және адамзаттық дәстүрлерді сақтау ардагерлерді алмастыратын жас жұмысшылардың қолында екенін түсінеді. Сондықтан компанияның кадрларын жаңа технологияларға тез бейімделе алатын, жаңа ақпаратты игеретін жас мамандармен, жоғары оқу орындары мен колледж түлектерімен толықтыруға ерекше назар аударылады. Жыл сайын жұмысқа қабылданатын жұмыскерлердің отыз пайыздан астамы жас мамандар. Жұмысқа қабылдау кезінде әрбір жас маманға зауыттың жоғары білікті жұмысшыларының арасынан арнайы оқытудан өткен тәлімгер бекітіледі. Жас мамандарды кәсіпорынның корпоративті рухымен таныстыру мақсатында жыл сайын «Мұнай өңдеушілерге қабылдау» рәсімі өтеді.
Кәсіпорында Жастар ісі жөніндегі кеңес жұмыс істейді. Жас мамандар зауыттың қоғамдық және спорттық өміріне, кәсіби, тілдік және интеллектуалды жарыстарға белсенді қатысады, Песчан мектеп-интернатына қамқорлық жасауға көмектеседі .
Қазақстан Республикасының және Ресейдің жетекші университеттерімен тығыз байланыс орнатылды. Жыл сайын зауытта «Мұнай мен газды өңдеу технологиясы», «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандықтары бойынша оқитын 200-ге жуық студенттер тәжірибеден өтеді. Зауыттың бас мамандары өңірдің жетекші жоғары оқу орындары мен колледж түлектерінің дипломдық жобаларын қорғау жөніндегі мемлекеттік комиссияларына қатысады.
Жұмыскерлердің кәсіби шеберліктерін арттыруға, озық тәжірибелерді оқып-үйренуге және таратуға деген қызығушылықтарын арттыру үшін зауыт кәсіпорынның негізгі мамандықтары бойынша «Үздік Маман» байқауын екі санат бойынша өткізеді: жұмыс өтілі үш жылға дейінгі 30 жасқа дейінгі жұмысшылар және жұмыс өтілі үш жылдан артық 30 жастан асқан жұмысшылар. Зауыттық конкурстың жеңімпаздары «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы зауыттарының үздік жұмыскерлері арасындағы байқаудың екінші кезеңіне қатысады.
Зауытта үздік жұмысшыларды моральдық және материалдық ынталандыру шаралары кеңінен қолданылады. Ардагерлер мен озық өндіріс жұмыскерлерін, отбасылық әулеттерді құрметтеу дәстүрге айналды. Жыл сайын Қазақстан Республикасының мұнай-газ кешені қызметкерлері күні қарсаңында үздік жұмысшылардың, мамандардың, баршылардың есімдері Құрмет тақтасына жазылады.