«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan

Өнеркәсіптік қауіпсіздік — физикалық және заңды тұлғалардың, қоршаған ортаның қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінен қорғалуы. «ПМХЗ» ЖШС қауіпті өндірістік объекті болып табылады.

Қауіпті өндірістік объектіні сараптаудан өткізу және қауіпті өндірістік объектінің қауіпсіздігін декларациялау өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдарының бірі болып табылады. Өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы объектінің белгіленген нормалар мен талаптарға сәйкестігін тексеру және растау үшін жүргізіледі. Пайдаланған кезде қауіпті өндірістік объектілердің тұрғындарға, қоршаған ортаға зиянды әсер ету мүмкіндігі бар қауіпті өндірістік объектілер міндетті декларациялауға жатады. Осыған байланысты кәсіпорын мамандары сараптамадан өткен және уәкілетті органда тіркелген Зауыттың қауіпсіздік декларациясын әзірледі.

Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің негізгі мақсаты – қауіпті қауіпсіздік объектілердегі апаттардың салдарларын болдырмау және азайту. Осы мақсатқа қол жеткізуге белгіленген талаптарға сәйкес келетін білікті мамандардың болуы да ықпал етеді. «ПМХЗ» ЖШС өз жұмыскерлерін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында даярлауды, қайта даярлауды жүзеге асырады.

Өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқару жүйесі (ӨҚБЖ) – басқарушылық шешімдердің, нормалар мен рәсімдердің құрылымданған жиынтығы, солар арқылы тәуекелдерді болдырмау және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау қызметі жүзеге асырылып, дамиды.

ӨҚБЖ қауіпсіздіктің техникалық және ұйымдық қамтамасыз етілуін қамтиды және функционалдық деңгейде нақты жағдайларда жұмыстарды қауіпсіз жүргізу талаптары сақталғанда құрал-жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына тұрақты өндірістік бақылау жүргізу «ПМХЗ» ЖШС-тегі ӨҚБЖ-нің негізгі бағыты болып табылады. Бұл үшін зауытта Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңына сәйкес өндірістік бақылау туралы ереже әзірленді. Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуіне әсер ететін жағдайларды және бұзушылық себептерін айқындау өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылау міндеттері болып табылады.

«ПМХЗ» ЖШС қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қауіптілігіне байланысты қауіпті өндірістік объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын жыл сайын жасасады.