«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС өнеркәсіптік алаңының аумағын көгалдандыру: 

Кәсіпорын тұрақты негізде кәсіпорынның өнеркәсіптік алаңының аумағын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізеді.
"ПМХЗ" ЖШС аумағында 2024 жылдың І жартыжылдығында 45 ағаш (шырша, жабайы алма, қайың) отырғызылды.

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
санитариялық-қорғау аймағының аумағын
көгалдандыру және түгендеу

Елді мекендердің айналасында жасыл белдеу құру және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы мемлекеттің басым міндеттерін қолдай отырып, 2019 жылы «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС санитариялық-қорғау аймағын көгалдандыру жобасы әзірленді.
Табиғи-климаттық жағдайларды жан-жақты зерттеу, қоршаған ортаның жай-күйін, өндіріс сипаты мен оның әсерін бағалау, сондай-ақ жасыл желектер желісін жоспарлау – Жобаның негізгі міндеті болды.
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС санитариялық-қорғау аймағын көгалдандыру жобасы 2020 жылдан 2027 жылға дейін кезең-кезеңмен көгалдандыруды және жасыл желектерді күтіп ұстауды көздейді.
Көгалдандырудың негізгі тұқымы ретінде «ақ терек» өсімдігі таңдалды, бұндай таңдаудың себебі:
- биосүзгінің құнарлы функциясы;
- жергілікті климаттық жағдайларға оңай бейімделу.
Санитариялық-қорғау аймағын көгалдандыру жобасы аясында жалпы ауданы 79 гектар жерде 20 000 ағаш отырғызу жоспарланады.
Көгалдандыру аумағы кәсіпорыннан солтүстік-батыс бағытта, Павлодарское ауылы елді мекеніне және Ертіс өзені жайылмасының табиғат қорғау аймағына қарай орналасқан.

«ПМХЗ» ЖШС санитариялық-қорғау аймағының аумағын
көгалдандыру:

Жыл Көшеттер саны, дана Көгалдандыру ауданы, га Жасыл көшет түрі Жасыл көшетке күтім жасау
Орындалған көлем
2020 3 735 13,4 терек арам шөпті шабу, су құю, тыңайтқыштарды қосу
2021 6 680 21,5 терек
2022 3 369 11,2 терек, қарағай
2023 3 224 4,38 терек, қарағай
2024 3 715 15,7 терек, қарағай
Жиыны: 20 723 66,18 -
Жоспарланатын көлем
2025 1 600 7,2 терек, қарағай арам шөпті шабу, су құю, тыңайтқыштарды қосу
2026 1 600 7,2 терек, қарағай
Жиыны: 3 200 14,4 -

«ПМХЗ» ЖШС санитариялық-қорғау аймағының аумағында жасыл
желектерді түгендеу

2023 жылы «ПМХЗ» ЖШС-де санитариялық-қорғау аймағы (бұдан әрі – СҚА) аумағының жасыл желектеріне түгендеу жүргізілді.
Жасыл желектерді түгендеу бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде өсімдіктердің 19 түрі анықталды. Фитопатологиялық жағдайы жақсы. Айтарлықтай күйзеліске ұшыраған даралар табылған жоқ. Фитопатологияның қоздырғыштары анықталмады.

СҚА аумағының ауданы, м2

Көгалдандыру аумағының ауданы, м2

Көгалдандыру аумағы ауданының пайызы, %

Ескертпе

4 239 000

2 640 015

62,3

СҚА аумағындағы өнеркәсіптік-шаруашылық объектілерді қоспағанда

9 159 970

3 546 803

38,7

СҚА аумағындағы өнеркәсіптік-шаруашылық объектілерді қоса алғанда

Абаттандыру және көгалдандыру шығындары 2024 жылдың І жартыжылдығында 128 млн. теңгені құрады.