«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
27.03.2026
27 просмотров
ПМХЗ қызметкерлері C5+O.N.E. бағдарламасы бойынша құзыреттіліктерін арттыруда    ПМХЗ жұмысшылары тұрақты түрде біліктіліктерін шыңдап, кәсіби дағдыларын дамытып отырады. Бұл бағыттағы жүйелі жұмысты ПМХЗ оқу орталығы — персоналды оқыту және дамыту бөлімі жүргізеді. Орталықтың жаңа бастамасы — зауыт жұмыскерлерін C5+O.N.E. (Opening Networks Through English) халықаралық бағдарламасы бойынша тегін оқыту конкурсы туралы ақпараттандыру болды. Нәтижесінде ПМХЗ-ның жеті маманы іріктеуден сәтті өтіп, бағдарлама қатысушысы атанды.
   C5+O.N.E. (Opening Networks Through English) — бұл Орталық Азияның экономика, энергетика және экология саласындағы мамандарына арналған білім беру бағдарламасы. Курс жұмыстан тыс уақытта 9 ай бойы күндізгі форматта өтеді. Бағдарламада: ағылшын тілін үйрету (160 сағат); soft skills дамыту (келіссөздер, көпшілік алдында сөйлеу, іскерлік хат алмасу); нетворкингтер мен халықаралық жобаларға қатысу енеді.


   Бағдарлама АҚШ Мемлекеттік департаментінің қолдауымен жүзеге асырылуда. Біздің әріптестеріміз қатысатын 5-ші лектің оқуы 2026 жылдың маусымына дейін жалғасады. Оқу аяқталғаннан кейін қатысушылар халықаралық сертификаттар мен халықаралық ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктерге ие болады.


  2026 жылғы 14 ақпанда Астана қаласында C5+O.N.E. бағдарламасының 5-ші легінің нетворкингі өтті. Оған Алматы, Астана және Павлодар қалаларынан 100-ден астам қатысушы жиналды. Павлодар мұнайхимия зауытының атынан Александра Гребенкина, Айнаш Мәжит, Жанат Шарапиденов, Әділет Сабитов, Әлия Әбілхасова, Анатолий Ильин және Теміртас Маямер қатысты.


  Іс-шараны АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Джули М. Стаффт ашып, халықаралық ынтымақтастық пен мансаптық өсу үшін ағылшын тілін білудің маңыздылығын атап өтті.
ПМХЗ үшін мұндай бастамаларға қатысудың маңызы зор: қызметкерлер техникалық ағылшын тілін жетілдіріп, коммуникация, жобаларды басқару дағдыларын дамытады және кәсіби байланыстарын кеңейтеді.

«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото – Аққанат Цэрэғұлы




Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу