Павлодар мұнайхимия зауытының алаңында мұнай өнімдерін компаундирлеу және жөнелту өндірісінің сұйытылған газдар паркі (СГП) аумағында шартты аварияны жою кезіндегі іс-қимылдарды пысықтау бойынша арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.
Сценарий бойынша, СГП аумағында сыртқы әсер (көлемді жарылыс) салдарынан №79/4 эстакаданың оңтүстік жағында, №30 тіреуіш маңында металл конструкциялары: коллекторлар, құю тарақшалары және металл тіректер зақымдалды. Аңыз бойынша, 5 метрге дейінгі радиуста алаулап жанып, бір адам зардап шекті.
Құтқару құрылымдары шартты түрде зардап шеккен адамды эвакуациялап, оған алғашқы медициналық көмек көрсетті және аварияны оқшаулау мен жою бойынша іс-шаралар кешенін орындады.
Оқу-жаттығуға ПМХЗ азаматтық қорғаныс құрылымдары, «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС өрт қауіпсіздігі отряды мен газбен құтқару қызметінің кезекші ауысымдары, өндірістік бөлімшелердің персоналы, медициналық-санитарлық бөлім бригадасы, сондай-ақ «Күзет-Павлодар» күзет бөлімшесінің қарауылы қатысты.
Бақылаушы ретінде Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері қатысты.
Арнайы-тактикалық оқу-жаттығуды өткізу төтенше жағдайларды жою кезінде азаматтық қорғаныс қызметтері мен өндірістік персоналдың өзара іс-қимылын пысықтауға, авариялық жағдайларға әрекет ету алгоритмдерін жетілдіруге және жоғары қауіпті объектілерде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу мен өртті сөндіруге дайындық деңгейін арттыруға мүмкіндік берді.
Мұндай оқу-жаттығулар кәсіпорынның қауіпсіздік жүйесінің маңызды элементі болып табылады және персонал мен өндірістік объектілердің қорғалу деңгейін арттыруға бағытталған.
«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото — Ирина Адылканова