«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
23.09.2026
2 просмотров
ПМХЗ-да «Самурықнама-20 игі іс» бастамасы аясында өрт қауіпсіздігі бойынша практикалық шеберлік класы өтті Қызметкерлердің қауіпсіздігі мен қамқорлығы-біздің күнделікті жұмысымыздың басты бағдары! «Самұрық – Қазына» АҚ-ның 20 жылдығына арналған «Самурықнама-20 игі іс» іс-шаралары аясында Павлодар мұнайхимия зауытында алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану бойынша практикалық шеберлік класы өтті.

«ПМХЗ» ЖШС АҚ және ТЖ бөлімінің қызметкерлері «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС өртке қарсы қызмет мамандарымен бірлесіп, ерекше қажеттіліктері бар зауыттың алты қызметкері үшін мамандандырылған сабақ өткізді. 

Жүйелі оқыту және дағдыларды ұдайы пысықтау-ПМХЗ-дағы профилактикалық жұмыстың тұрақты бөлігі. Сабақ барысында әріптестер штаттан тыс жағдай туындаған кезде іс-қимыл алгоритмдерін қайталап, тәжірибелі мамандардың басшылығымен өрт сөндіргіштермен жұмыс істеудің тәжірибелік дағдыларын бекітті.
Сенімді әрекет етуге дайын болу, егжей-тегжейлі назар аудару және өндірістегі қауіпсіздік
ережелерін сақтау-біздің жалпы қорғанысымыздың негізі!

Өртке қарсы қызметке кәсіби сүйемелдеу үшін, ал қатысушыларға жауапкершілік, тәртіп және дағдыларды тамаша пысықтағаны үшін алғыс айтамыз!

«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс бөлімі
Фото — Ирина Адылканова

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу