«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
24.09.2026
2 просмотров
ПМХЗ қызметкерлері кабинеттерге бөлме өсімдіктерін әкелді  «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 20 жылдығына және «Самұрықнама — 20 игі іс» бастамасын іске асыруға орайластырылған көгалдандыру күнін Павлодар мұнайхимия зауытының қызметкерлері осылай қарсы алды.
Қызметкерлер үйден бөлме өсімдіктерін әкеліп, оларды кеңселеріне орналастырды. Өсімдіктерді орналастыру үшін жарық, ұстау жағдайларын ескере отырып, бос орындар алдын-ала анықталды.

Сондай-ақ, жабық өсімдіктердің пайдасы, оларға күтім жасау ерекшеліктері және олардың жұмыс орындарында жайлы және қолайлы атмосфераны құрудағы рөлі талқыланды. Өткізілген іс-шара кеңсе кеңістігін жайлы, жанды және экологиялық таза етуге мүмкіндік берді. Болашақта қызметкерлер өсімдіктерге күтім жасауды және жұмыс бөлмелеріндегі жасыл аймақтарды толықтыруды жалғастырады.


«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс бөлімі
Фото — «ПМХЗ» ЖШС қоршаған ортаны қорғау қызметі, Ирина Адылканова

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу