«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
07.10.2026
8 просмотров
ПМХЗ-да мемлекеттік тілде ашық диктант өтті

2026 жылғы 30 қыркүйекте Павлодар мұнай-химия зауытында Қазақстан халқы тілдері күніне орайластырылған жыл сайынғы білім беру науқаны өтті. Зауыт қызметкерлері қазақ тілінде ашық диктант жазды.

Іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылықты арттыру, сауатты жазу мәдениетіне назар аудару және қызметкерлерге өздерінің сауаттылық деңгейін тексеруге мүмкіндік беру.

Диктантты қазақ тілі пәнінің оқытушысы Гульназ Алимканова ұйымдастырып, жүргізді. 

Мұндай іс-шаралар өндірісте мемлекеттік тілді кеңінен насихаттап қана қоймай, еліміздің тілдік мұрасына ұқыпты әрі құрметпен қарауды қалыптастыруға ықпал етеді. Іс-шара соңында Гульназ Бауыржанқызы барлық қатысушыларға жоғары нәтижелер мен тілді одан әрі меңгеруде табыс тіледі.

«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС қоғаммен байланыс бөлімі

Гульназ Алимканованың ақпараты бойынша

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу