«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
08.10.2026
1 просмотров
ПМХЗ тәлімгерлеріне - шын жүректен ризашылық пен құрмет!

Жақында оқушылар мен студенттер өздерінің оқытушылары мен кураторларын Ұстаздар күнімен құттықтады. Бірақ мұғалім - тек мектеп қабырғасындағы адам емес. Кейде бұл өндірістегі аға әріптес, мұнай өңдеушілердің болашақ ұрпақтары үшін қам жеген нағыз тәлімгер болады.

Мұндай мамандар ең күрделі жабдықтармен жұмыс істеуге, технологиялық үдерістің қыр-сырын түсінуге, еңбек мәдениетін сіңіруге, жалпы ұжыммен өзара әрекеттесу дағдыларын дамытуға үйретеді.

ПМХЗ-да тәлімгерлер - жас мамандар мен студенттер үшін өз мамандықтарының нағыз ұстаздары.

Олар өз мысалында жас мұнай өңдеушілерге сапалы жұмыстың қаншалықты аңызды екенін көрсетеді: іс үшін жауапкершілік, тәртіп пен өз кәсібіне адалдық.

 ПМХЗ тәлімгерлеріне білім, тәжірибе мен ақыл берудегі мәрттіктеріңіз үшін алғыс айтамыз және тағы да құттықтаймыз!

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС жұртшылықпен байланыс бөлімі

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу