2016 жылғы 14 қаңтарда Республикамыздың Президенті қазақстандық мерекелер күнтізбесін толықтырған №173 Жарлыққа қол қойды. Енді еліміздің азаматтары 1 наурызда Рақмет күнін атап өтетін болады. Бұл бастамаға Павлодар мұнайхимия зауытының жұмыскерлері де бар ынтасымен қосылып, ұжымда жаңа дәстүр орнатты.