«PAVLODAR OIL CHEMISTRY REFINERY» LLP slogan
12.08.2020
564 просмотров
ПМХЗ: жастар және болашақ туралы. Ануар Денден 12 тамызда бүкіл әлемде Халықаралық жастар күні аталып өтті, Оны 1999 жылғы 17 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымы қоғамға әлемді дамыту және құрудағы жастардың рөлін, сондай-ақ олардың жеке тұлға ретінде қалыптасу жолында тұрған проблемаларын еске салу үшін жариялады.Осы күннің қарсаңында Павлодар қаласының әкімдігі өзінің инстаграм парақшасында павлодарлық жастар туралы айдар ашты. Біздің әріптесіміз Ануар Денден оның кейіпкерлерінің бірі болды.

«Оның зауыттары Павлодар қаласына ғана емес әлдеқайда танымал болған. Келесі әңгіме өндірістік алыптардың жұмыскерлерінің бірі - Әнуар Денден туралы.

Әнуар Павлодар мұнайхимия зауытында жұмыс істейді, автомобиль бензиндерінің жоғары октанды компонентін шығаруға арналған күкіртті мұнайдан каталитикалық риформинг қондырғысын басқарады, .

Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің түлегі, өмірдегі өзінің қалауын зауыттан тапты - Мен зауытта жұмыс істеуді бала кезімнен армандайтынмын, мектепте химия пәнін жақсы көретінмін, осы мамандық бойынша университетке түстім, таңдауыма ешқашан өкінген емеспін, - деп атап өтті Әнуар Денден.

Жас зауыт жұмыскерінің еңбек жолы 2014 жылы, Әнуар ПМХЗ-ға технологиялық қондырғылар операторы болып келген кезде басталды. 2018 жылы ол каталитикалық реформинг қондрырғысынң бастығы болып тағайындалды.

Жас маман әр түрлі семинарлар мен біліктілікті арттыру курстарына қатысып, өз білімін үнемі арттырып отырды. 2018 жылы Әнуар басқа әріптестерімен бірге өндірісті ұлғайтуға бағытталған әдістерді зерттеу көзделген «LeanSixSigma» бағдарламасы бойынша оқудан өтті.

«LeanSixSigma» бағдарламасы аясында Әнуар жасаған жобалар өндіріске сәтті енгізіліп, зауыттың жұмысын жаңа деңгейге көтеруде.Біздің әңгімеміздің кейіпкері мұнымен тоқтап қалмайтынын атап өткендей, күн сайын мен мұнай саласының дамуына барынша күш-жігерім мен білімімді жұмсаймын», - деп әңгімесін аяқтады.

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-нің жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі, Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

https://www.instagram.com/p/CDyJVbvHQPD/?igshid=1uzfy7hzf4bmj

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe