«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan

Экономикалық өсу нәтижесінде соңғы жылдары Қазақстан Республикасында жалпыәлемдікке ұқсас тенденция қалыптасуда – тұтыну және тұтынатын мұнай өнімі ассортименті өзгеруінің өсуі, отын сапасына талаптардың қатаюы, экологиялық талаптардың қатаюы.

Осыған байланысты энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, өндірістің тиімділігін арттыру, көрші елдерден ЖЖМ импортын төмендету, сондай-ақ К-4, К-5 экологиялық кластарының талаптарына сәйкес келетін мотор отындарын өндіру мақсатында  «ПМХЗ» ЖШС «Павлодар мұнай-химия зауытын жаңғырту» жобасын іске асыруда.

Осы мақсаттарға сәйкес ПМХЗ жаңғырту жобасы жаңа технологиялық қондырғылар құрылысын салу және қолданыстағы технологиялық қондырғыларды, сондай-ақ жалпы зауыттық шаруашылық объектілерін қайта жаңарту жоспарлануда.

Жоба мемлекеттік және салалық бағдарламаларда белгіленген стратегиялық бағыттармен және мақсаттармен сәйкес әзірленеді:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарғысымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриалдық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1418 қаулысымен жоба 2015-2019 жылдарға арналған республикалық индустриаландыру картасына енгізілді.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 мамырдағы № 567 қаулысымен жоба Мұнай газ секторын дамыту жөніндегі 2014-2018 жылдарға арналған кешенді жоспарға енгізілді.

4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 1 қыркүйектегі № 1293 қаулысымен «Павлодар мұнай-химия зауытын жаңғырту» жобасы еліміздің инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізілді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ пен Eni S.p.A итальяндық холдинг арасында 2009 жылғы қарашада қол қойылған «Серіктестік туралы келісім» негізінде Eni S.p.A компаниясы жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) әзірледі.

2011 жылғы 31 қазанда жоба ТЭН «Мемлекеттік ведомстводан тыс жобалар сараптамасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының оң қорытындысын алды («Мемсараптама» РМК).

2014 жылғы 29 тамызда ТЭН түзетіліп, 3 іске қосу кешеніне бөлінді, «Мемсараптама» РМК-нің оң қорытындысын алды.

2015 жылғы 3 желтоқсанда жобаның 1 іске қосу кешенінің жобалау-сметалық құжаттамасы (ЖСҚ) «Мемсараптама» РМК-нің оң қорытындысын алды.

Бүгінгі күні «Мемсараптама» РМК-де жобаның 2, 3 іске қосу кешендерінің ЖСҚ жиынтығына кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізілуде (Астана қаласы). Бас жобалаушы –"ВНИПИнефть" ААҚ Мұнай өңдеу және мұнай-химия өнеркәсібін ғылыми зерттеу және жобалау институты (Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы).

Зауытты жаңғырту жобасын іске асыруға Базалық жобаларды әзірлеуші ретінде мұнай өңдеу саласында технология лицензиарлар - шетел компаниялары қатысатын болады:

  • UOP Limited (Ұлыбритания) –  вакуумды газойлді гидротазарту, каталитикалық крекинг,  изомеризация.
  • Siirtec Nigi (Италия) – күкіртті өндіру қондырғысы.
  • Haldor Topsoe (Дания) – дизель отының гидротазарту, керосинді гидротазарту, нафтаны гидротазарту.

***

   Жобаның мақсаттарына қол жеткізу үшін келесі жаңа технологиялық қондырғылар салынатын болады:

  • Изомерлеу қондырғысы, көміртек скелетін құрылымдық өзгерту жолымен төмен октанды фракциялы мұнайдан тауар бензинінің жоғары октанды компоненттерін алуға мүмкіндік береді.
  • Нафта сплиттері қондырғысы, изомерлеу және риформинг үдерісі үшін нафтаны жеңіл және ауыр фракцияларға бөлуге арналған.

  • Күкірт пен қалдық газдардан тазарту қондырғысы,  аминді қалпына келтіру қондырғысынан және күкіртті ала отырып қышқыл ағындарды булау қондырғысынан қышқыл газдарды қайта өңдеу үшін арналған.

  • Қышқыл ағындарды булау қондырғысы, зауыт қондырғыларынан келіп түсетін ағындарды тазарту үшін (2 желі).

  • Аминді қалпына келтіру қондырғысы, технологиялық қондырғылардан келіп түсетін қаныққан аминның барлығын қайта қалпына келтіру үшін арналған.

Жаңа қондырғылардан басқа, келесі технологиялық қондырғыларды қайта жаңарту жұмыстары жүргізілетін болады:

  • Атмосфералық айдау қондырғысын қайта жаңарту UnderCut стратегияны іске асыруды көздейді (ауыр дизель фракциясын атмосфералық колоннамен вакуум газойлін гидротазарту қондырғысына шығару).

  • Қолданыстағы дизель отынын гидротазарту қондырғысы К-2 сапалы тауар дизель өнімін шығарады. Қолданыстағы катализаторды ауыстырумен қондырғыны қайта жаңарту сапасы К-5 экологиялық класқа сәйкес келетін дизель отының алуға мүмкіндік береді.

  • Вакуум газойлін гидротазарту және каталитикалық крекинг қондырғысын қайта жаңарту көзделген. Оның мақсаты – вакуум газойлін терең күкіртсіздендіру және күкірт құрамы төмен бензин компонентін алу.

  • Керосинді гидротазарту қондырғысы құрамында күкіртті, шектелмеген көмірсутектерді  және басқа қоспаларды төмендету жолымен керосинді өндіру үшін қажет.

ПМХЗ-ның қолданыстағы технологиялық қондырғыларын қайта жаңарту жұмыстары жұмыс құжаттамасын әзірлеуге, құрал-жабдықтарды сатып алу мен жеткізуге, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге мердігерлік ұйымдарды тартумен жүзеге асырылады.

Жобаны іске асыру мерзімін сақтау мақсатында «ПМХЗ» ЖШС мынадай мердігерлік компаниялармен шарттар жасасты:

2013 жылғы 30 шілдеде SC Rominserv S.R.L (Румыния) компаниясымен жұмыс құжаттамасын әзірлеуге, құрал-жабдықтар мен материалдарды сатып алуға, изомерлеу және нафта сплиттері құрама қондырғысы бойынша, сондай-ақ жалпы зауыттық шаруашылық объектілер бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге (ЕРС-контракт) шарт жасасылды.

2015 жылғы 18 маусымда China Nonferrous Metal Industry’s Foreign Engineering and Construction Co., Ltd. (Қытай Халық Республикасы) компаниясымен және «КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» Инжинирингтік компаниясы» ЖШС-пен жұмыс құжаттамасын әзірлеу және Қазақстани Республикасының нормаларына бейімдеу, сондай-ақ күкіртті өндіру қондырғысының жаңа блогін салу үшін қажетті технологиялық құрал-жабдықтарды сатып алуға және жеткізуге қатысты келісімге қол қайылды.

2015 жылғы 24 қарашада  China Nonferrous Metal Industry’s Foreign Engineering and Construction Co., Ltd.еңшілес компаниясы – «NFC Қазақстан» ЖШС-пен күкіртті өндіру қондырғысының блогін салу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыруға шарт жасасылды.

Шарттарда жобаның кепілдікті пайдалану көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағытталған барлық жұмыстарды орындау көзделді.

2015 жылғы 4 желтоқсанда жобаның бірінші іске қосу кешенінің құрылыс-монтаждау жұмыстарын өндіруге рұқсат беру құжаттары алынды.

Ағымдағы кезде изомерлеу және нафта сплиттері қондырғысының учаскесінде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде, изомеризат үшін екі сұйық қойманы жинақтау жүзеге асырылуда.

Жобаны 2017 жылы іске қосу Қазақстан Республикасының тұтынушыларын К4 және К5 экологиялық кластың талаптарға сәйкес келетін сапалы мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуге және жаңа технологияларды енгізу, басқаруды автоматтандыру, табиғат ресурстарын оңтайлы пайдалану есебінен қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендетеді.