ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
06.05.2020
528 просмотров
«ПМХЗ» ЖШС бас директорының Жеңіс күнімен құттықтауы

Құрметті соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері, зауыттықтар, павлодарлықтар! Сіздерді шын жүректен Жеңіс күнімен құттықтаймын!

Сонау атаулы кезден 75 жыл өтіпті.

Жеңістің мерейтойы қарсаңында індеттің таралу себебінен бірге бола алмасақ та, бірақ бірлігіміз бір.

Біз әрқашан да фашизмді жеңген ұрпақ сыйлаған бейбітшіліктің, амандықтың, тәуелсіздіктің құнын жадымызда сақтаймыз.

Көпұлтты достықтың, батылдықтың, отансүйгіштіктің, зор еңбектері мен кешкен қиыншылықтарының арқасында олардың балалары, немерелері мен шөберелері туған жерінде еркін және жасампаздықпен өмір сүре алады.

Ұлы Отан соғысы жылдарын бастарынан кешкен барлық адамдарға денсаулық, амандық, ілтипат пен қамқорлық тілеймін.

Біз Сіздерді еске алып, құрмет тұтамыз, сонымен қатар Сіздің Жеңісіңіз үшін қазақстандықтардың болашақ ұрпағына   алғыс айту эстафетасын тапсырамыз!

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС бас директоры Оспанбек Әлсейітов

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться