ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
19.11.2025
43 просмотров
ПМХЗ жұмыскерлері өрт сөндіру құралдарын қолданудың қажетті дағдыларын меңгерді Оқыту және бейімдеу бағдарламасы аясында кәсіпорынның жаңадан қабылданған персоналы үшін практикалық сабақ өткізілді.

50 адамды қамтыған оқытуды «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС өрт қауіпсіздігі жасағының қолдауымен еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаменті (ЕжәнеҚОҚД),

азаматтық қорғаныс және ТЖ бөлімі ұйымдастырды. Маман­дардың қатаң бақылауымен зауыттың жаңа қызметкерлері шындыққа жақын жағдайларда өртті жою кезінде өрт сөндіргіштерді пайдалану дағдыларын игерді.

– Ауыр мұнай қалдықтарын өңдеу өндірісінің (АМҚӨӨ) технологиялық қондырғылар операторы Әділ Ербөлековтің айтуынша, бүгін олар тек өрт сөндірушілердің киімін киіп қана қоймай, өрт сөндіргіштерді дұрыс қолдануды да үйренді. «Мұндай сабақтар өте пайдалы. Жасырмаймын, аздап толқыдым, бірақ тапсырманы орындадым»-деп атап өтті Әділ Ербөлеков.

Практикалық сабаққа ПНХЗ-дың түрлі бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.

«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Фото — Ирина Адылканова



Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться