ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
15.12.2025
2 просмотров
БАҚ ұшқырынан ПНХЗ қызметкерлерінің көрінісі Жұмысшы мамандықтары жылы аясында облыстық және республикалық бұқаралық ақпарат құралдары ПМХЗ қызметкерлері қатысқан бағдарламаларды белсенді жариялады. Khabar.kz, 24KZ жаңалықтар арналарында, «Ertis» телеарнасындағы «Жаңа күн», «Еңбек. Білім. Құрмет», «Телецентр» бағдарламаларында, «Pavlodarnews.kz» жаңалықтар порталында, сондай-ақ «Сарыарқа самалы» облыстық газетінде мұнай өңдеушілер өздерінің кәсіби тарихтарымен бөліскен бағдарламалар мен мақалалар жарық көрді.
Желтоқсан айында біз сіздерді аталған очерктер, телебағдарламалар мен репортаждардың кейіпкерлерімен таныстырып отырамыз.

«Жаңа күн» медиажобасы қатысушыларының бірі – санитарлық зертхананың химиялық талдау жөніндегі лаборанты Ания Қасаева.


Таңғы бағдарламаға берген сұхбатында ол өзіне жүктелген жауапкершілік туралы және зертханалық талдаудың нәзік тұстары зауыттағы барлық процестердің қауіпсіздігін қалай қамтамасыз ететінін айтып берді.

Ания Қасаеваның толық сұхбатын ПМХЗ сайты мен YouTube-арнасынан, сондай-ақ «Ertis» телеарнасының YouTube-арнасындағы «Жаңа күн» бағдарламасынан көре аласыздар.

«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться