ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
30.09.2020
525 просмотров
Қарттар күні қарсаңында ПМХЗ жұмыскерлері кәсіпорын ардагерлеріне қайырымдылық көмек көрсетті

1 қазанда атап өтілетін Халықаралық қарттар күні қарсаңында Павлодар мұнайхимия зауыты зауыт ардагерлерін құттықтады.

ПМХЗ басшылығы, осы мерекеде күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты және профилактикалық шараларды сақтау қажеттілігіне байланысты, қалыптасқан дәстүр бойынша, өздерінің барлық ардагерлерін Естай атындағы Мәдениет сарайына шақыра алмады, дегенмен, зауыт зейнеткерлерін назардан тыс қалдырмады.

ПМХЗ ардагерлер кеңесі құрамында 783 ардагер бар.

Зауыт жұмыскерлері әр өндіріс ардагерлерін үйлеріне барып, оларға мұнайхимия зауытының бас директоры Оспанбек Әлсейітовтің құттықтауын және 15 мың теңге көлемінде қаржылай көмекті табыс етті.

Наталья Жилякова, производство №4 с ветеранами.jpg

648ad291-2aa4-46f6-aee0-e1e5a4a953a9.jpg

6ed48bda-ec21-4cee-8abf-50123ed72051.jpg

Жалғыз басты және денсаулығына байланысты үйде отырған зейнеткерлер қосымша азық-түлік пакеттерін алды. Біздің ардагерлеріміз кездескенде оларға зауыт жұмыскерлерінің білдірген ықыласына көңілдері толқып, өз ризашылықтарымен және жылы лебіздерін білдірді.

ПМХЗ өздерінің аға әріптестеріне құрмет көрсету үшін 12 миллион теңге бөлді.

Зейнеткерлер әрқашан күз мезгілін жақсы көңілмен, сенімділік сезімімен қарсы алсын. Оларды зауыт құрметтейтініне және есте сақтайтынына сенімді болсын.

 

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться