Астана қаласында «Самрук-Қазына» компаниялар тобының арасындағы II қысқы спартакиадасы аяқталды.
Шаңғы жарысында «ҚазМұнайГаз» қоржынына түскен төрт марапаттың төртеуін де ПМХЗ спортшылары иеленді.
Жүлдегерлеріміз:
• Әлібек Мусин — 31–40 жас аралығы тобында 2-орын (2,5 км қашықтықта);
• Адлан Урумбаев — 41–50 жас аралығы тобында 3-орын (2,5 км жарыста);
• Наталья Ярополова — 31–40 жас аралығы тобында 3-орын (1 км қашықтықта);
• Наталья Берсенева — 51–60 жас аралығы тобында 3-орын (1 км қашықтықта).
Сондай-ақ, шаңғы жарысына Ербұлан Мағау (4-орын), Алексей Кирьянов (5-орын) және Виталий Василенко (7-орын) қатысып, лайықты өнер көрсетті.
ПМХЗ хоккей командасының капитаны Александр Драган «ҚМГ» ҰК АҚ құрамасына шақырту алып, «Самрук-Қазына» екінші қысқы спартакиадасының қола жүлдегері атанды.
Барлық спортшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!
«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото — «ҚМГ» ҰК АҚ, «Самұрық-Қазына» АҚ