2020 жылы 24 қыркүйекте «ПМХЗ» ЖШС аумағында кәсіпорын басшылары мен зауытпен дуалды оқу нысаны бойынша байланысты Павлодар қаласының оқу орындары «Toraighyrov University (TOU)» КАҚ (Торайғыров атындағы ПМУ) мен КГКП «Павлодар химия-механикалық колледжі» КМҚК басшылары кездесті.
Кездесудің негізгі мақсаттары білім беру ұйымдарының өкілдеріне жаңғыртудан кейін жаңартылған өндіріс пен бағдарламалық жасақтаманы көрсету, оқытудың дуальды нысаны бойынша зауыт үшін жас мамандарды сапалы дайындау үшін серіктестікті тереңдету жолдарын талқылау болды. Кездесуге Toraighyrov University (TOU) ректорының міндетін атақарушы Мейрам Бегентаев пен кәсіпорын үшін бейінді кафедрасының меңгерушісі Гүлнәр Аманжолова, «Самұрық Қазына» корпоративтік университет» ЖМ арқылы зауытқа кадрларды оқыту және даярлау бойынша сервистік қызметтер көрсететін «VISTA» оқу орталығының директоры Людмила Пак өз мамандарымен қатысты.
Жаңартылған зауытқа экскурсия жасағаннан кейін білім беру мекемелерінің басшылары виртуалды модельдер мен анимация арқылы жоғары сенімділік деңгейімен қондырғылардың үдерістері мен қондырғылардың жабдықтарын ішінен түсіндіруге мүмкіндік беретін қолданыстағы өндірістерге арналған мультимедиялық оқу кешендерімен танысты. Содан кейін олар студенттерді оқыту сапасын арттыру мәселелерін, сондай-ақ дуальды оқыту және кәсіпорында өндірістік тәжірибеден өту жобасына қатысты мәселелерді талқылады.
img-15.jpg
img-57.jpg
«ПМХЗ» ЖШС басшылығының қатысуымен өткен кездесуде бас директордың корпоративтік функциялар жөніндегі орынбасары Ермек Баймұханов, «ПМХЗ» ЖШС персоналды басқару және еңбекақы төлеу департаментінің директоры Алтын Имантаева жиналғандар алдында сөз сөйледі. Жиналғандар серіктестіктің жаңа бағыттарын атап өтті, диалогқа дайын екендіктерін және мектеп-колледжден университетке дейінгі кадрларды даярлаудағы сабақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
img-81.jpg
img-79.jpg
Кездесу соңында қаланың және облыстың жетекші оқу орындарының өкілдеріне оқу үдерісін цифрландыруды қамтамасыз ету үшін жалпы құны 10 миллион теңгеге зауыттың барлық технологиялық қондырғыларына арналған мультимедиялық оқу кешендері ұсынылды. Қонақтар ризашылықтарын білдіріп, мультимедиялық оқулықтар құрған виртуалды шындық - бұл оқытудың тамаша ортасы екендігін атап өтті. Бұл болашақ мамандарды технологиялық процестерді басқаруға сапалы әрі жылдам дайындауға мүмкіндік береді.
img-66.jpg
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі