ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
05.10.2020
446 просмотров
«ПМХЗ» ЖШС «Нұр-Отан» партиясының мүшелерімен бірге тұрмысы төмен отбасына көмек көрсетті

«ПМХЗ» ЖШС партия мүшелері «Нұр-Отан» фракциясы арқылы аз қамтылған отбасылардың өмірін жақсарту бойынша барлық жоспарларды жүзеге асыруға белсенді қатысуды жалғастыруда.

Бүгінгі күні барлық деңгейдегі билік органдары ғана емес, сонымен қатар «ПМХЗ» ЖШС партия мүшелері аз қамтылған отбасылардың мәселелерін шешуге белсенді қатысуда. Сонымен, қазан айының басында бір жасар ұлын жалғыз тәрбиелеп отырған жетім, жас ана Меруерт Хасеноваға көмек көрсетілді. Әйел көмек сұрап«Нұр-Отан» партиясына жүгінген екен, оған «ПМХЗ» ЖШС бас директоры, бастауыш партия ұйымының төрағасы Оспанбек Әлсейітовтен жеке көмек алды.

Өмірлік қиын жағдайларға тап болған, бірақ білімі бар және баласын қажетті заттармен қамтамасыз еткісі келетін Меруертке оның өтініші бойынша нәрестеге арналған тамақ пен нәресте жаялықтарын сатып алынып, берілді.

Кішкентай отбасы басшысы көрсетілген көмекке өте риза болды.

 

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС жұртшылықпен жұмыс жасау бөлімі

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться