«Нұр Отан» фракциясы арқылы «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-нің бір топ белсенділері қазан айында жалғызілікті зейнеткерлерге арналған бірқатар игі істерді жалғастырды.
Биылғы жылы «Қамқорлық» қайырымдылық айлығы аясында қарттарды құрметтеп қана қоймай, оларға әлеуметтік көмек көрсету де жоспарланған болатын. Ерекше назар жалғызілікті және жалғыз басты қарт адамдарға, ең төменгі зейнетақы алатындарға, мүгедек балаларды күтушілерге аударылды.
Қызметтегі осы бағытты ескере отырып, бас директор және «ПМХЗ» ЖШС -тегі «Нұр-Отан» бастауыш партия ұйымының төрағасы Оспанбек Әлсейітов бастаған партия белсенділері қаланың жалғызбасты қарт адамдардың үйлеріне барды.
Пенсионеры Павлодара. Фото-2.jpg
Қарттар күнін мерекелеу шеңберінде Павлодар қаласының он зейнеткері: Рыстай Усанова, Алтын Жақашева, Серік Балықбаев, Тілектес Рахманғұлова, Тұрсын Искакова, Тлектес Қожағұлова, Екатерина Подзолко, Шайзат Смағұлова, Римма Пейхвассер,Нина Коваленская шын жүректен құттықтаулар мен азық-түлік пакеттерін алды.
Пенсионеры Павлодара. Фото-3.jpg
Фото-4.jpg
Көмек алған Алтын Жақашева «ПМХЗ» ЖШС жанындағы «Нұр-Отан» бастауыш партия ұйымының жетекшісі О.Б.Әлсейітовке назар аударғаны және көрсетілген көмектері үшін алғыс хат жолдап, ризашылығын білдірді.
Письмо Алтын Жакашевой.jpg
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС жұртшылықпен жұмыс жасау бөлімі