ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
12.10.2020
506 просмотров
Ақпараттық хабарлама

2020 жылғы 10 қазандағы Tengrinews- (https://tengrinews.kz) интернет-ресурсында жарияланған ақпараттық хабарлама мен бейнетүсірілімге қатысты Павлодардың солтүстік өндірістік аймағында мұнай қалдықтарының рұқсат етілмеген үйіндісі туралы «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС мынаны хабарлайды: «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС анықталған бұзушылыққа еш қатысы жоқ.

Табылған ластанған аймақ «Ертіс Сервис» ЖШС жуу және булау станциясына жақын жерде орналасқан.

«ПМХЗ» ЖШС мен «Ертіс Сервис» ЖШС арасындағы өзара міндеттемелер тек «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-нен «Ертіс Сервис» ЖШС үшін буды тасымалдауға және «Ертіс Сервис» ЖШС-нен «ПМХЗ» ЖШС тазарту имараттарына ағынды суларды қабылдауға қатысты.

Мұнай қоқырын жою үшін «ПМХЗ» ЖШС Flottweg мұнай қоқырын өңдеу қондырғысы қолданады. Ол жылына 19 746 тонна құрамында мұнай бар қалдықтарды өңдейді.

Установка Flottweg по переработке нефтешламов.JPG

«ПМХЗ» ЖШС өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы шеңберінде қоршаған ортаға эмиссияларды тұрақты түрде бақылайды. Бақылау объектілері: атмосфералық ауа (өндірістік алаң, санитарлық қорғау аймағы), өндірістік шығарындылар, ағынды сулар, табиғи су (жер үсті, жер асты), топырақ.

Сондай-ақ радиациялық және экологиялық бақылау да жүзеге асырылады. Сынақтарды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аккредиттелген зертханалар жүргізеді.

Өндіріс пен тұтыну қалдықтарының пайда болуы мен қозғалысының күн сайынғы бақылауын, сондай-ақ шығарындылар нормативтерінің сақталуын бақылауды «ПМХЗ» ЖШС қоршаған ортаны қорғау бөлімі жүзеге асырады.

 

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться