ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
16.10.2020
503 просмотров
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-тен  ақпараттық хабарлама 2020 жылғы 16 қазанда сағат 06:55-те Павлодар мұнай-химия зауытының баяу кокстау қондырғысында от тұтанды.

2020 жылғы 16 қазанда сағат 06:55-те Павлодар мұнай-химия зауытының баяу кокстау қондырғысында от тұтанды.

Оқиға орнына дереу «Өрт сөндіруші» АҚ Павлодар филиалының өрт және газ қауіпсіздігі жасағының екі өрт сөндіру бөлімінің және газ құтқару қызметінің қарауылдары, қалалық өртке қарсы және апаттық-құтқару қызметтерінің өкілдері келді.

Ол сағат 07.20-да ауыздықталды. Ал сағат 08.11-де толық сөндірілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Тұтану аумағы – 3 шаршы метр.

Мұнай өнімдерін өндіру және жөнелту қалыпты режимде жүзеге асырылуда. Оқиға орнында оттың тұтану себептері анықталып жатыр.

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі


Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться