ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
06.11.2020
2655 просмотров
ПМХЗ санитарлық аймақты көгалдандыру бойынша жаңа жобаны жүзеге асырады

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС жыл сайын кәсіпорын аумағын абаттандыру және көгалдандыру бойынша барлық жұмыстарды жүргізеді.

Елді мекендердің жасыл белдеуін құру және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің басым міндеттерін қолдай отырып, 2019 жылы«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС басшылығы «ПМХЗ» ЖШС-нің санитарлық-қорғау аймағын жасылдандыру жобасын әзірлеу туралы шешім қабылдады.

План озеленения санзоны ПНХЗ-1.jpg

Жоба бойынша жалпы алаңы 64 гектарға 17000 түп ағаш отырғызу және 2020 жылдан 2025 жылға дейін жасыл желектерді күтіп ұстау жоспарланған. Санитарлық-қорғау аймағын қосымша көгалдандыру осы аумақты газдан, шаңнан және шудан жақсы қорғауды қамтамасыз етуге арналған.

2U6A6968.JPG

Жобаға бойынша солтүстік-батыс бағытта кəсіпорыннан Павлодарское ауылы мен Ертіс өзені жайылмасының табиғатты қорғау аймағына қарай жасыл желектер отырғызу жоспарланған.

Кәсіпорынның санитарлық-қорғау аймағында негізгі отырғызу түрі ретінде «Ақ теректі» таңдады. Бұл өсімдік жергілікті климаттық жағдайларға оңай бейімделетін, тез өсетін жапырақты ағаш. Өсімдіктің тән ерекшелігі - кең дөңгелектелген тәж,орман белдеулерінің тығыз құрылымын жасайды.

Өсімдіктің осы түрін таңдаудың басты себебі терек жапырақтарына тән күшті биофильтр функциясы болды. Ол құрамында метал бар шаңды да сіңіруге қабілетті және атмосфералық фильтрация қарқындылығы бойынша ағаштар тізімінде көшбасшы болып табылады.

Жобаны әзірлеуді мердігерлік ұйым «Дендро» ЖШС жүзеге асырды, 2020 жылдың екінші жартысында «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС Жобаның аясында санитарлық-қорғау аймағын абаттандырудың «Бірінші кезеңі» іске асырылды, оған бірқатар: 

2U6A6969.JPG

ауданы 11,2 га жергілікті жердің учаскесін бөлу; 30 см тереңдікте тыңайған жерлерді жырту; топырақты тырмалау жұмыстары кірді.Сондай-ақ бірінші кезеңге: 2 жылдық ақ терек көшеттерін (3735 дана көлемінде) отырғызу; ойықтарды қопсыту және екпелерді суғару жұмыстары кірді.

 

«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться