Биыл сыйлыққа ПМХЗ мұнайды бастапқы өңдеу өндірісінің изомерлеу және нафта сплиттері қондырғысының 6-шы разрядты технологиялық қондырғыларының операторы Мирас Өскембаев ие болды.
Ертіс дарыны» сыйлығын 2019 жылы Павлодар облысының әкімі ғылыми, өндірістік, шығармашылық салалардағы жетістіктері, белсенді қоғамдық қызметі мен жоғары спорттық жетістіктері үшін облыстың дарынды жастарын қолдау мақсатында тағайындады. Конкурстық негізде оның лауреаты бола аласыз.
2019 жылы ПМХЗ санитарлық зертханасының бастығы Гүлмарал Махабіл Ертіс өңіріндегі жастарға арналған «Ертіс дарыны» бірінші сыйлығының лауреаты болды.
2020 жылы Мирас Өскембаевтың жұлдызы жанды. Конкурстың «Өндіріс жұмыскері» номинациясының қорытындысы бойынша оған диплом, статуэтка және 500000 теңге ақшалай сыйлық табысталды.
Мирас зауытта 11.03.2014 жылдан бастап жұмыс істейді. «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар. Кәсіпорындағы еңбек жолын мұнайды бастапқы өңдеу өндірісінің өңдеу кезінде өндірілетін күкіртті майлардан газды фракциялау қондырғысында 3-ші разрядты технологиялық қондырғылар операторы мамандығынан бастады.
ПМХЗ-да жұмыс істеу кезеңінде Мирас өзінің біліктілігін 6- разрядты технологиялық қондырғылар операторы деңгейіне дейін көтерді. Изомерлеу және нафта сплиттерін қондырғысының аға операторының орнында бірнеше рет болды.
Өндірістің жас жұмыскері - жастар ісі жөніндегі кеңестің және «НұрОтан» партиясының жастар қанатының белсенді мүшесі, салауатты өмір салтын қолдайтын және еріктілер қозғалысының мүшесі.
Белсенді қоғамдық қызметі үшін ПМХЗ жұмыскері бірнеше рет алғыс хаттармен және дипломдармен марапатталды.
Ертіс дарыны» конкурсы «Павлодар облысының ақпараттық және әлеуметтік даму басқармасы» ММ ұйымдастырады. 14-тен 29 жасқа дейінгі жастар сыйлыққа үміткер бола алады. Конкурс: «Білім және ғылым», «Журналистика», «Қоғамдық қызмет», «Спорт», «Медицина», «Өндіріс жұмыскері», «Кәсіпкерлік», «Ерлігі үшін», «Еріктілер», «Мәдениет» 10 номинация бойынша өтеді.
Конкурс 2020 жылы 20 қазан мен 30 қараша аралығында өтті.
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі