C5+O.N.E. (Opening Networks Through English) — бұл Орталық Азияның экономика, энергетика және экология саласындағы мамандарына арналған білім беру бағдарламасы. Курс жұмыстан тыс уақытта 9 ай бойы күндізгі форматта өтеді. Бағдарламада: ағылшын тілін үйрету (160 сағат); soft skills дамыту (келіссөздер, көпшілік алдында сөйлеу, іскерлік хат алмасу); нетворкингтер мен халықаралық жобаларға қатысу енеді.
Бағдарлама АҚШ Мемлекеттік департаментінің қолдауымен жүзеге асырылуда. Біздің әріптестеріміз қатысатын 5-ші лектің оқуы 2026 жылдың маусымына дейін жалғасады. Оқу аяқталғаннан кейін қатысушылар халықаралық сертификаттар мен халықаралық ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктерге ие болады.
2026 жылғы 14 ақпанда Астана қаласында C5+O.N.E. бағдарламасының 5-ші легінің нетворкингі өтті. Оған Алматы, Астана және Павлодар қалаларынан 100-ден астам қатысушы жиналды. Павлодар мұнайхимия зауытының атынан Александра Гребенкина, Айнаш Мәжит, Жанат Шарапиденов, Әділет Сабитов, Әлия Әбілхасова, Анатолий Ильин және Теміртас Маямер қатысты.
Іс-шараны АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Джули М. Стаффт ашып, халықаралық ынтымақтастық пен мансаптық өсу үшін ағылшын тілін білудің маңыздылығын атап өтті.
ПМХЗ үшін мұндай бастамаларға қатысудың маңызы зор: қызметкерлер техникалық ағылшын тілін жетілдіріп, коммуникация, жобаларды басқару дағдыларын дамытады және кәсіби байланыстарын кеңейтеді.
«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото – Аққанат Цэрэғұлы