ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
30.03.2026
10 просмотров
ПМХЗ дәстүрлі түрде «Жер сағаты» жаһандық акциясына қатысты Жыл сайын наурыз айының соңында бүкіл әлем экология мәселелеріне, соның ішінде климаттың өзгеруі мен жарықпен ластануға назар аударту үшін бір сағатқа жарық пен тұрмыстық электр құрылғыларын өшіреді.

«Жер сағаты» акциясын 2007 жылы Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) негіздеген. Оның басты мақсаты — қоршаған ортаның көптеген түйткілдеріне назар аударту және адамдарға электр энергиясын ұтымды пайдалану қажеттілігін еске салу.

2026 жылғы 28 наурызда ПМХЗ аумағында бір сағатқа зауыт басқармасы ғимаратының жарығы мен иллюминациясы, сондай-ақ Құрмет тақтасының алдындағы алаңның жарығы өшірілді. Осылайша, ПМХЗ жұмысшылар мен жұртшылықты планетамыздың болашағы туралы ойлануға және оның ресурстарына ұқыпты қарауға шақырды.

Айта кетейік, кәсіпорын тұрақты түрде өзінің экологиялық көрсеткіштерін жақсарту бойынша жұмыс жүргізеді және пайдалы экологиялық іс-шаралардың өткізілуін әрдайым белсенді қолдайды.

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться