ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
31.03.2026
6 просмотров
ПМХЗ футболшылары LLF Pavlodar-2026 қысқы кубогында күміс медалін иеленді «Мұнайшы» командасы Павлодар облысының командалары арасында өткен шағын футбол жарысында лайықты ойын үлгісін көрсетіп, жеңіске деген жігерлігінің арқасында екінші орынға ие болды.
22 наурызда Әуесқой футбол лигасының — LLF Pavlodar-2026 қысқы кубогының шешуші матчы өтті.

Павлодар мұнай химия зауытының «Мұнайшы» командасы финалда жарыс бойы қуатты әрі ұйымшыл ойынымен көзге түскен «Ертіс ауданы» клубымен кездесті.

Біздің жігіттер тартысты өткен бәсекеде есе жіберіп, облыстық турнирдің күміс жүлдегері атанды.

Осыған дейін олар мықты қарсыластардан басым түскен болатын: ширек финалда мұнай өңдеушілер «Тұлпар» командасын (есеп 4-1), ал жартылай финалда Kharkovka командасын (есеп 7-4) жеңді.

ПМХЗ-ның бірқатар спортшылары арнайы номинациялармен марапатталды:
«Үздік жартылай қорғаушы» атағына электрмен жабдықтау цехының электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электр монтері Сұлтан Асаинов ие болды.

Султан Асаинов

«Көрермендер көзайымы» сыйлығы команда капитаны – мұнай өнімдерін компаундирлеу және тиеу цехының 3-разрядты құюшы-қотарушысы Ибрагим Каминге табысталды.

Ибрагим Камин

Шабуылшылар арасында кубок ойыны барысында 19 гол соққан бу-ауамен жабдықтау цехының 4-разрядты компрессорлық қондырғылар машинисі Ерасыл Сәрсенбай екінші орынды иеленді.
Зауыт жұмысшыларының футбол алаңындағы жеке жетістіктері мұнай өңдеушілердің дайындық деңгейі жоғары екенін дәлелдейді. ПМХЗ-да футболды қолдау және салауатты өмір салтын насихаттау игі дәстүрге айналған, бүгінде бұл стратегия өз жемісін беруде. Алда «Мұнайшы» командасын «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Спартакиадасында зауыт намысын қорғау міндеті күтіп тұр.


«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото  — мобилограф Анастасия Никитина

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться