ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
15.12.2020
557 просмотров
ПМХЗ жұмыскерлері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мемлекеттік наградамен  марапатталды

Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасының барлық аумағында мемлекеттің дамуына өлшеусіз үлес қосқан азаматтар марапатталды, еңбектері бағаланған және танылған адамдар қатарында Павлодар мұнайхимия зауытының жұмыскерлері деболды.

Зауыттың үш жұмыскері мемлекеттік наградаларға ие болды.

ПМХЗ-дың күкірт өндірісі және жалпы зауыттық шаруашылығының 6-разрядты технологиялық қондырғыларының операторы Берік Алпысбайұлы Омаров ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды.

Омаров Берик .jpg

Марапатты еңбек сіңірген жұмыскерге Павлодар облысының әкімі Абылкайыр Бақтыбайұлы Сқақов табыстады.

Ауыр мұнай қалдықтарын өндеу өндірісі битум өндіру қондырғысының бастығы Дмитрий Владимирович Коняхин «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Павлодар филиалының директоры Олег Павлович Круктың қолынан «Ерек еңбегі үшін» медалін, 

Коняхин Дмитрий .jpg

ал мұнайды терең өңдеу өндірісінің 6-разрядты технологиялық қондырғыларының операторы Мұхамед-Ғалий Зекенұлы Күзеев Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасын алды.

Мухамед-Галий Кузеев.jpg

Біз әріптестерімізді олардың жұмысына жоғары бағалау алуымен құттықтаймыз!

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться