ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
08.04.2026
2 просмотров
ПМХЗ баскетбол командасы Павлодар облысы чемпионатының күміс жүлдесін иеленді         2026 жылғы 4 сәуірде «№2 ОРМБЖМ» спорт кешенінде (бұрынғы «Автомобилист») Әуесқой баскетбол лигасы облыстық чемпионатының финалдық матчы өтті. Шешуші ойында ПМХЗ және HERMITS командалары кездесті. Кәсіпорынымыздың командасы лайықты қарсыласқа небәрі 3 ұпай айырмашылығымен есеп жіберіп, екінші орынды иеленді.
       ПМХЗ баскетбол командасы Павлодар облысы Әуесқой лигасы чемпионатының финалына дейін жетті.



Шешуші ойында жігіттер алаңға жоғары дайындықпен шығып, жеңіске деген ерік-жігерін көрсетті: әр доп үшін күресіп, соңғы секундтарға дейін тартысты ойын үлгісін паш етті. Алайда 63:66 есебімен қарсыласқа жол берді.




 Осылайша, ПМХЗ командасы облыстық чемпионатта екінші орынға ие болды. Құттықтаймыз!


«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі 

Фото — Дакен Дамир

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться