Көктемнің алғашқы айы ең шуақты мерекеден және жылы құттықтаулардан басталады. 2021 жылы 3 наурызда павлодарлық мұнай өңдеушілер ПМХЗ ардагер әйелдерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
Павлодар МХЗ жыл сайын 8 наурыз қарсаңында «Нефтепереработчик» жергілікті кәсіподақ» ҚБ бірлесе отырып, кәсіпорынның зейнеткер әйелдеріне арналған мерекелік іс-шаралар ұйымдастырады. ПМХЗ ардагерлер кеңесінде 404 кербез жастағы әйелдер бар. Биыл құрметті әріптестерді кең салтанатты кездесудің орнына, ешқайсысын ескерусіз қалдырмай, жеке-жеке құттықтады.
Ардагер-жұмысшылар қатарындағы әрбір ханым кәсіпорынның бас директоры мен ұжымының жылы лебіздері жазылған естелік ашық хат пен зауыттан материалдық көмек алды.
Денсаулығына байланысты қосымша күтімді қажет ететін ардагерлеріне тамақ жиынтықтары да дайындалды. Олар қаржылық көмекпен бірге зейнеткерлерге үйлеріне жеткізілді.
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі