ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
05.06.2026
13 просмотров
Жас экологтар — таза болашақ үшін: «ПНХЗ» ЖШС-де бейнероликтер байқауының қорытындысы шығарылды  5 маусым — Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-де «Пайдалы эко-дағдылар» тақырыбындағы балаларға арналған шығармашылық бейнероликтер байқауының қорытындысы шығарылды.
 Байқау кәсіпорын және сервистік компаниялар қызметкерлерінің балаларына арналып, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды дамыту және өскелең ұрпақ арасында экологиялық өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.





Қатысушыларға ұзақтығы бір минутқа дейінгі қысқа бейнеролик форматында әр адамның күнделікті өмірде табиғатты қалай қорғай алатынын көрсету ұсынылды: қалдықтарды сұрыптау, су ресурстарын үнемді пайдалану, экологиялық көлік түрлерін таңдау және қоршаған ортаға ұқыпты қарау.


 Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар:
• Ахметчанов Асанали, 8 жаста (әкесі — Ахметчанов Нурсултан Бауржанович, УТОРОПА департаменті, «ПНХЗ» ЖШС);


• Копотун Таисия, 8 жаста (әкесі — Копотун Игорь Сергеевич, ЦЭС, «ПНХЗ» ЖШС);


• Ақпан Адина, 10 жаста (әкесі — Жаменкенов Асхат Ақпанович, ПГПН, «ПНХЗ» ЖШС).



 Байқаудың барлық қатысушылары үшін зауыттың өндірістік нысандары бойынша танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Балалар кәсіпорын қызметімен танысып, жүзеге асырылып жатқан экологиялық жобалар мен қоршаған ортаны қорғау шаралары туралы білді. Экскурсиядан кейін жас қонақтарға тәтті сый-сияпат ұсынылып, дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.


 Мұндай бастамалар балалардың экологиялық ойлауын дамытуға, табиғи ресурстарға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін ерте жастан тәрбиелеуге ықпал етеді.


 «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бастамаларды қолдауды жалғастырып, қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерін өңірдің тұрақты дамуы мен табиғатты сақтауға бағытталған жобаларға белсенді түрде тартуда.

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
 Фото — Айнаш Мажит
Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться