Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманслям қалалық кәсіпорындарда жұмыс істейтін нәзік жанды арулармен дәстүрлі кездесу өткізіп, оларды мерекелерімен құттықтады. Шақырылғандардың қатарында Павлодар мұнайхимия зауытының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жетекші инженері Гүлмира Джусупова да болды.
Гүлмира Қамариденқызы Павлодар МӨЗ-де 13 жыл жұмыс істейді. Әріптестері Гүлмира Қамариденқызын білікті маман және белсенді өмірлік ұстанымы бар адам ретінде біледі. Сондықтан оның қала басшысымен кездесуге шақырылуы ойға қонымды.
Павлодар қаласының әкімімен кездесу
Гүлмира Джусупова зауыттағы еңбек жолын 2008 жылы санитарлық зертханада зертханашы болып бастады, ал 2016 жылы оның бастығы болды. 2019 жылы Гүлмира Қамариденқызы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жетекші инженерінің лауазымын тағайындалды.
Жетекші инженер марапаттарының тізімінде: «Химиялық талдаудың үздік зертханашысы» дипломы (2009 ж.), Облыс әкімінің алғыс хаты (2018 ж.), «ПМХЗ-ға 40 жыл» (2018 ж.) және «Қазақстан мұнайына 120 жыл» (2019) мерейтойлық құрмет медальдары ұсынылады.
Зауыт маманы салтанатты қабылдаудан тек жағымды әсер алды. Ержан Иманслям барлық шақырылған әйелдерге денсаулық, жұмыста шабыт, отбасылық ортада жылу мен мейірімділік тіледі және әр еңбеккерге ханымға керемет гүл шоқтарын сыйлады.
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі