ПМХЗ» ЖШС қызметкерлері «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған екі күндік «Тәлімгерлік мектебі» тренингінің қатысушылары атанды.
Теориялық және тәжірибелік сабақтар жұмыс орындарында тағылымдамадан өтушілерді оқыту педагогикасына арналды. Өз білімдерімен ӨКП тренерлері Ажар Әбілғазина мен Ғалия Байғазинова, сондай-ақ педагогика ғылымдарының кандидаты, «Bolashaq» академиясының ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Дана Асақаева бөлісті.
Спикерлер коммуникация дағдыларын дамытудың және оларды тек заңнамалық нормаларды ғана емес, сонымен қатар жас әріптестердің жас ерекшеліктерін де ескере отырып қолданудың маңыздылығы туралы айтып берді. Қос тарапты оқытудың және жұмыс орнында оқытудың ұйымдастырушылық-құқықтық тетіктері/міндеттері, жанжалдарды басқару және проблемалық жағдайларды шешу тәсілдері қарастырылды.
Оқытуға «ПМХЗ» ЖШС-нің 31 тәлімгері қатысты. Кәсіби мамандар тағылымдамадан өтушілермен жұмыс істеудегі өздерінің мол тәжірибесімен және тәлімгерлік жұмыстың нәтижелерімен бөлісті.
Тренинг қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табыс етілді, ал олардың есімдері Павлодар облысы тәлімгерлерінің тізіліміне енгізілді. Біздің кәсіпорында тәлімгерлерді оқытуға үлкен көңіл бөлінетінін және бұл жұмыс тұрақты түрде жүргізіліп тұратынын айта кету керек.
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото — Ирина Адылканова