Павлодар мұнайхимия зауытындағы конкурс 2026 жылғы 1-30 сәуір аралығында өтті. Қорытынды шығарылғаннан кейін номинациялар бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер салтанатты түрде марапатталды.
«Цех учаскесінің үздік бастығы»:
1. Евгений Волынкин, ЖҚМЦ оқшаулау және тоттануға қарсы жұмыстар учаскесінің бастығы;
2. Игорь Кулешов, СжәнеК цехының өнеркәсіптік кәрізді авариялық-қалпына келтіріп жөндеу және пайдалану учаскесінің бастығы;
3. Денис Ганикель, БАЖ цехының қазандық, қоректік суды дайындау және тарату, конденсатты тазарту учаскесінің бастығы.
«Үздік қондырғы бастығы»:
1. Ширан Әмренов, АМҚӨӨ бу өндіру қондырғысының бастығы;
2. Руслан Ниязбеков, МТӨӨ күкіртті мұнайдан мазутты вакуумдық айдау қондырғысының бастығы;
3. Айбек Әбілдинов, МБӨӨ газ компрессорлық қондырғысының бастығы.
«Үздік цех бастығы»:
1. Әлібек Қожасов, ЖҚМЦ бастығы;
2. Азамат Бекеев, БАЖ цехының бастығы;
3. Әлібек Шайымов, СжәнеК цехының бастығы.
«Үздік өндіріс бастығы»:
1. Асхат Мұхамедиев, МТӨӨ бастығы;
2. Адлан Урумбаев, МБӨӨ бастығы;
3. Юрий Мигуля, АМҚӨӨ бастығы.
«Үздік парамедик»:
Юрий Цабелев, АМҚӨӨ технологиялық қондырғылар операторы.
«Үздік бақылаушысы»:
Сержан Ахметшәріпов, БАЖ цехы жылумен жабдықтау учаскесінің жылу желілеріне қызмет көрсету жөніндегі слесарь.
«Үздік ЕҚжәнеЕҚ жөніндегі жетекші инженер»:
Кәкен Бекзат, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жетекші инженер.
Естеріңізге сала кетейік, жеңімпаздар қажетті критерийлердің орындалуын бағалай отырып таңдалады. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауға, жарақаттану деңгейіне, ЖҚҚ-ны пайдалануға, жұмыс орнын, құралдар мен аспаптарды жинақы ұстауға, ЕҚжәнеЕҚ саласындағы бастамаларға, «АМАН» біріктірілген жүйесінің жоспарын орындауға ерекше назар аударылады.
Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі тақырыптық акциялар жылына екі рет өткізіледі: Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне (28 сәуірге) және ҚР Тәуелсіздік күніне (16 желтоқсан).
Конкурстық комиссияның құрамына: еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жетекші инженер Ольга Киреева, тәуекелдерді басқару жөніндегі маман Қайыржан Смағұлов, Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженер Ирина Анисимова, өндірістік бақылау қызметінің инженері Бақтияр Байтеміров кіреді.
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС қоғаммен байланыс бөлімі
Фото — Анна Гронская