ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
09.06.2026
5 просмотров
«ПМХЗ» ЖШС спортшылары «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Спартакиадасына аттанады 2026 жылғы 11–15 маусым аралығында Астана қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Спартакиадасы өтеді. Аталған жарыста «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС атынан 53 спортшы қатысып, спорттың 14 түрі бойынша сынға түседі: жеңіл атлетика (жеке жүгіру және эстафета), арқан тарту, шахмат, армрестлинг, асық ату, бес асық, футзал, волейбол, баскетбол, үстел теннисі, киберспорт, жүзу, тоғызқұмалақ, садақ ату.
       Жолға шығар алдында кәсіпорын директоры құрама команда мүшелерімен кездесіп, ақ жол тілеп, спортшыларға сәттілік, сенімді өнер көрсету және жарқын жеңістер тіледі.


       Маждай Ахметов спортшылар үшін зауытқа тек медальмен ғана емес, ең алдымен дені сау, жағымды эмоциялармен және көтеріңкі көңіл күймен оралу маңызды екенін атап өтті. Өз сөзінде директор командадағы әрбір қатысушы ең алдымен өз саласының жоғары білікті маманы ретінде бағалы екенін ерекше жеткізді.
Спартакиадаға қатысу үшін «ПНХЗ» ЖШС спортшылары арнайы әзірленіп, тігілген заманауи көк түсті жаңа спорттық киіммен қамтамасыз етілді.


Командамызға лайықты қарсыластар, жеке біріншіліктер, командалық рухтың салтанат құруы және жарқын спорттық жетістіктер тілейміз!


«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото – Айнаш Мажит

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться