2021 жылдың ақпан айы кәсіпорында зауыттың бас директорына құрылымдық бөлімшелердің өткен жылдағы қызметі туралы жыл сайынғы есептерінен басталды. Осы айда және келесі айда құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен департаменттердің директорлары қарауындағы ұжымдарды 2020 жылдың соңғы тоқсанының еңбек нәтижелелерімен таныстырады.
Зауыттың барлық құрылымдық бірліктерінің басшылары бас директорға онлайн тәртібінде 2020 жылдың жұмыс қорытындылары туралы есеп береді.
Кәсіпорынның бас директоры Оспанбек Әлсейітов өндірістік және қаржылық қызметтің орындалу нәтижелерін бағалап, есеп берген басшылардың алдына І тоқсанға және тұтас алдағы жылға негізгі міндеттер қояды. Ол өткен жылдың жұмыс үдерісінен сабақ алу қажеттігін ерекшелеп, баяндаушылардың назарына салады.
Басшылардың кездесуі штаттық тәртіпте жалғасып, наурыз айына дейін созылады.
Сонымен қатар ақпанда және наурызда құрылымдық бөлімшелердің және департаменттердің басшылары «ПМХЗ» ЖШС құрылымдық бөлімшелеріндегі ішкі коммуникациясының бірыңғай жүйесі туралы қағидаларына сәйкес таратылымда көрнекі презентация түрінде есептік құжаттарды көрсете отырып, өз еңбек ұжымдарын 2020 жылғы 4 тоқсанның жұмыс қорытындыларымен және 2021 жылдың І тоқсанына арналған мақсаттарымен таныстырады.
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі