ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
17.02.2021
494 просмотров
ПМХЗ басшысы 2020 жылғы жұмыс нәтижелерін қорытындылады

Павлодар мұнайхимия зауытының бас директоры Оспанбек Әлсейітов кәсіпорынның еңбек ұжымының алдында ПМХЗ-ның 2020 жылғы қызметінің негізгі нәтижелері туралы есеп берді.

«ПМХЗ» ЖШС бас директоры Оспанбек Әлсейітов өз есебінде кәсіпорын қызметінің өндірістік-экономикалық көрсеткіштеріне, сондай-ақ өткен жылдың жоспарына енгізілген бірқатар бағдарламалардың орындалуына баса назар аударды. Ол 2020 жылы ПМХЗ жалпы жөнге салынған жұмыстың арқасында барлық жоспарланған қаржылық және өндірістік көрсеткіштерді орындағанын баса айтты.

Кездесу барысында Оспанбек Әлсейітов ағымдағы жылы орындалуы тиіс мақсаттар мен міндеттерді атап өтті. Сонымен бірге 2021 жылды «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Экология жылы, ал Павлодар мұнайхимия зауыты Үнемді өндіріс жылы деп жариялағанын да айтып кетті. Бұл дегеніміз, осы жылы экологиялық көрсеткіштерді жақсартуға, шығындарды азайтуға және бүкіл кәсіпорын жұмысының тиімділігін анағұрлым арттыруға бағытталған жобалар жүзеге асырылады дегенді білдіреді.

Есеп беру құжаты зауыттың барлық құрылымдық бөлімшелерінің және аутсорсингтік компаниялардың жұмыскерлеріне танысуға қол жетімді.

  «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться