Біздің елімізде сыбайлас жемқорлықты түбімен жою мәселесіне аса көңіл бөлінеді. Сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарының алдын алу және оған қарсы іс-әрекет жасау шараларын әзірлеу және іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің бір тәсілі - ҚР заңына сәйкес мемлекеттік сыңайлы ұйымдарда ар-ұяттың корпоративтік стандарттарын сақтауға жауапты сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер институтын енгізу болып табылады.
«Комплаенс» («compliance») термині ағылшын тілінен дәлме-дәл аударғанда «Сәйкестік» деген мағынаны білдіреді. Яғни, бұл жағдайдағы мағынасы заң сәйкестігі жайлы болып отыр, атап айтқанда, осы қызметтің міндеттеріне заңнама шеңберінде кәсіпорынның қызметіне бақылау жүргізуге бағытталған іс-шараларды әзірлеу және өткізу кіреді.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пікірі бойынша комплаенстің негізгі міндеті ҚМГ қызметінде туындатын комплаенс-тәуекелдерді анықтау, бағалау, алдын алу және бақылау бойынша іс-шараларды өткізу болып табылады. Бірінші кезеңде ҚМГ ықтимал комплаенс-тәуекелдерін бағалап, нормативтік құжаттамаларды және инструментарийлерді бекітіп, еншілес ұйымдарға бекітілген стандарттарды басымдылығы бойынша саралап ұйымдастырды.
Екінші кезеңде ҚМГ кәсіпорынның ерекшеліктеріне қарай орны бойынша функцияларын енгізіп, комплаенс-бағдарламаларын қалыптастыра отырып, кәсіпорынды корпоративтік мәдениетке біріктіру процессін тездетуге тырысады.
Жұмыс ҚМГ-да халықаралық стандарттарға және осы саладағы үздік тәжірибелерге сай комплаенс-жүйесін құруға көзделген. Халықаралық ұйымдардың ұсынымдарына және комплаенс функциясының халықаралық зерттеулеріне аса көңіл бөлінеді.
2021 жылғы 11 ақпанда ПМХЗ комплаенс қызметінің бастамасы бойынша Павлодар өңірінде комплаенс мәдениетін арттыру тақырыбына арналған онлайн-кеңес өтті. Бұл онлайн-кеңеске ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ардақ Балгожин, «ПМХЗ» ЖШС бас директоры Оспанбек Әлсейітов, «Ертiс - адалдық алаңы» жобалық кеңсенің басшысы, Павлодар облысы әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Ризабек Исабеков, ПМХЗ комплаенс офицері Азамат Темиргалин, сонымен қатар Павлодар МХЗ құрылымдық бөлімшелері мен сервистік компанияларының басшылары қатысты. Олардың ішінде - «Медикер-өнеркәсіптік медицина» ЖШС, «ПродМастер ПВ» ЖШС, «Өрт сөндіруші» АҚ, «iQS-Engineering» ЖШС, «ENERGY SERVICE-PVL» ЖШС, «МегаСтройПлюс» ЖШС, «КМГ-Құмкөл» ЖШС, «СамұрықҚазына» ЖҚКО HR өңірлік орталығы, «КазПромБезопасность ПВ» ЖШС, «Тотал Сервис» ЖШС, «Медикер» ЖШС, «URPAQ-VIP» қауіпсіздік агенттігі» ЖШС, «Эр ЛикидМунай Тех Газы» ЖШС, «КИНГ» АҚ, «УЦ VISTA» ЖШС, «2S GROUP» ЖШС.
Кеңес барысында Ардақ Балғожин комплаенс мәдениетін арттыру маңыздылығы жайлы айтып өтті, сонымен қатар қатысушылармен осы бағытта бірлесіп жұмыс жасау жоспарын әзірлеу мәселесін талқыға салды. Ризабек Исабеков, өз кезегінде, сыбайлас жемқорлықты жою үшін ар-ұят қағидаттарын кеңінен насихаттап бойға сіңдіру қажеттігі жайлы ұсыныс айтты да, пара алушылықпен күрес менеджментінің жүйесін ISO 37001 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігіне сертификаттау жұмыс бабында бірқатар артықшылықтар беретінін еске салды. Сондай-ақ кеңес барысында Елбасы қол қойған «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы талқыланды.
ПМХЗ және «Ертiс - адалдық алаңы» жобалық кеңсе арасында өзара әрекетті жалғастыру жайында шешім қабылданды. Бұл өзара әрекет келесі бағытта дамуы тиіс: ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтау мәселесін кәсіпорын жұмыскерлерімен пысықтау керек, комплаенс қызметтерін дамыту арқылы комплаенс мәдениетін арттыру бойынша қызметті жалғастыру қажет.
«Павлодар мұнайхимия зауыты »ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі