ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
09.03.2021
482 просмотров
ПМХЗ қызметтік автобустарында жаңа бақылау жүйесі орнатылды

COVID-19 таралуын болдырмау шараларын іске асыру шеңберінде 2021 жылдың наурыз айынан бастап ПМХЗ қызметтік автобустарында жаңа Кіріп-шығуды бақылау және басқару жүйесі (КББЖ) қолданыла бастады.       

Бұл бақылау жүйесі ПМХЗ қызметкерлерін тасымалдауға арналған 16 автобуста қолданылады. Бұндай шара COVID-19 таралу мүмкіндігіне жол бермеу және тасымалдау кезінде байланыс жасау аясын барынша азайту және автобустарды 30%-дан артық толуын болдырмау үшін жұмыскерлерді бірнеше топқа бөлу жолымен зауыт және аутсорсингтік компаниялар жұмыскерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды.

Бақылау жүйесімен жұмыс жасау алгоритмі өте оңай: қызметкер осы автобуста жол жүруге құқығын анықтайтын арнайы деректерді оқитын құрылғының үстінен рұқсатнаманы басады. Мысалы, егер рұқсатнаманы зауыт жұмыскері әкеліп басса, ешқандай мәселе туындамайды. Алайда, егер мердігерлік ұйымның жұмыскері бұл құрылғының үстінен өз рұқсатнамасын басса, жүйе қысқа мерзімді дабыл сигналын шығарады. Бұл сигнал бақылаушы ретінде отырған жүргізушіге және салонда отырған жолаушыларға кіруге әрекеттену жайында хабарлайды.     

Бұл жүйені қолданысқа енгізу арқылы бөлек жол жүру қағидасы бұлжытпай орындалып отырады.

   «Павлодар мұнайхимия зауыты »ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться