ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
18.03.2021
587 просмотров
 ПМХЗ ЖШС қызметкері Раушан Қарибаева «Самұрық-Қазына» АҚ «Көктем шуағы» байқауының суперфиналисі атанды

Наурыз қарсаңында Әлеуметтік өзара әрекеттестік және коммуникациялар орталығы «Самұрық-Қазына» АҚ қоржын компанияларының қызметкерлері үшін ұйымдастырған «Көктем шуағы» байқауының қорытындылары шығарылды.  

Павлодар мұнайхимия зауыты атынан «Көктем шуағы» байқауына Орталық зауыт зертханасының бастығы Раушан Қарибаева қатысты.

Жұмыс өтілі 5 жылдан асатын, жетістіктерге және артықшылықтарға ие қордың еншілес компанияларының өндірістік персоналының әйел-жұмысшылары байқауға қатыса алды.

Бірнеше аптаға созылған байқау үш кезеңден тұрды: іріктеу, онлайн-викторина және онлайн-дауыс беру. Бұл кезеңдерден кейін 11 жеңімпаз анықталды. Раушан Қарибаева алғашқы екі кезеңді абыроймен өтіп (55 үміткердің ішінен іріктеу және онлайн-викторина), 36 суперфиналист қатарын толтырды.

Раушан Шыңғысқызы зауытта 24 жыл жұмыс істейді. Ол жоғары білікті кәсіпқой маман. Маманның наградалар қоржынында үш құрмет мерейтойлық медалі бар: «Зауытқа 35 жыл» (2013 ж.), «Зауытқа 40 жыл» (2018 ж.), «Қазақстан мұнайына 120 жыл» (2019 ж.) және Павлодар қ. әкімінің алғыс хаты (2016 ж.).

Біз Раушан Шыңғысқызына табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз және де дауыс берген әр адамға алғыс айтамыз.

 

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

 

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться