27 наурызда бүкіл әлемде «Жер сағаты» атты көпшілік жылсайынғы экологиялық акция өтті. Павлодар мұнайхимия зауыты облыстық Экология департаментінің шақыруымен осы шараға қатысқандардың қатарын толтырды.
«Жер сағаты» акциясы – 2007 жылдан бастап Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) ұйымдастыратын халықаралық шара.
Кәсіпорынның экологиялық көрсеткіштерін жақсарту бойынша жұмыстарды белсенді түрде жүргізетін ПМХЗ-ы Павлодар облысы Экология департаментінің шақыруын қабыл алып, акцияға қатысты. Зауыт аумағында Газ-құтқару қызметінің және зауыт басқармасының ғимараттарында жарық пен иллюминация бір сағатқа өшірілді.
Акция өткізудің негізгі мақсаты – адамдардың ғаламшардың ресурстарын күтіп пайдалану және климаттың өзгеру мәселесіне назарын аударту. Осы жылда акция экологиялық ақпарат ашықтығы тақырыбына да орай ұйымдастырылды.
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі