Ақын, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың (1846-1945) туғанына 175 жыл толуына орай павлодарлық мұнай өңдеушілер оның шығармаларын оқыды.
Қазақтың сөз шеберлерінің шығармаларын оқу дәстүрін ПМХЗ жұмыскерлері 2017 жылы бастады, онда өндіріс жұмыскерлері Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдерін оқыған еді. 2020 жылы павлодарлық мұнай өңдеушілер Абайды оқыды. 2021 жылы эстафетаны Жамбыл Жабаевтың шығармаларымен жалғастырды.
Жамбыл Жабаев өз шығармаларында әр заманда өзекті тақырыптарды жырлаған: Отанға деген сүйіспеншілік, намыс, батылдық, тектілік және әділеттілік.
Зауыт жұмыскерлері таңдаған өлеңдер ақынның бай мұрайсының бәр бөлігін ғана ашады.
Даниял Әбілдин, Мұнайды бастапқы өңдеу өндірісінің технологиялық қондырғылар операторы, «Әкеме» өлеңін оқыды.
Сертінің ұрлап қара атын,
Жазықсыз киып қанатын,
Жапанда жаяу қалдырып,
Жайым жоқ қарғыс алатын.
Ел арасын егер қып,
Ойым- жоқ шұрқан салатын.
Қоныстан елді бостырып,
Неміз бар енді шабатын!
Өлең мен сөзді дос қылып,
Құрамын ақын санатын!
Артём Стасевич, орталық зауыт зертханасы тауарлық зертханасының сынама алушысы, «Ленинградтық өренім!» поэмасыннан үзінді оқыды.
Ленинградцы, дети мои!
Ленинградцы, гордость моя!
Мне в струе степного ручья
Виден отблеск невской струи.
Если вдоль снеговых хребтов
Взором старческим я скользну —
Вижу своды ваших мостов,
Зорь балтийских голубизну,
Фонарей вечерних рои,
Золоченых крыш острия...
Ленинградцы, дети мои!
Ленинградцы, гордость моя!
Ал Сымбат Ибрай, Орталық зауыт зертханасы тауарлық зертхананың химиялық талдау зертханашысы, Абай Құнанбаевқа арналған «Абайдың суреті» өлеңін оқыды.
Мынау тұрған Абайдың суреті ме? —
Өлең — сөздің ұқсаған құдретіне,
Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған,
Қарсы келер Абайдың кім бетіне!
Ақын атын таратқан әрбір тұсқа,
Соңғыларға қалдырған үлгі-нұсқа,
Арғын, Найман сөзіне таңырқаған —
Қандай арман бар дейсің бұл туыста!
Терең ойдың түрінде теңізі бар,
Тесіле көп қарасаң көңіл ұғар.
Сол тереңге сүйсініп жан үңілмей,
Есіл сабаз ызамен өткен шығар!
Зауыт жұмыскерлерінің Жамбыл Жабаевтың өлеңдерін оқуын ПМХЗ сайтында «Бейнегалерея» бөлімінен тамашалауға болады.
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі