ПМХЗ мамандары 2021 жылы алғаш рет Жастар істері жөніндегі кеңесінің онлайн-отырысын өткізді. Қатысушылар 2020 жылы атқарылған жұмыстар туралы есепті тыңдады, Кеңестің жаңа төрағасының кандидатурасын бекітті және алдағы жылға арналған жоспарларды талқыға салды.
Жастар істері жөніндегі кеңестің төрағасы Ернұр Асылбеков өткен жылы атқарылған жұмыстар жайлы есеп берді. Бұдан кейін Кеңестің барлық мүшелерінің бірауызды шешімімен төраға лауазымына Күкірт өндірісі және жалпы зауыттық шаруашылықтың инженері Асқар Нұрғалиев тағайындалды. Оған көмектесетін, әрқайсысы өз бағытына жауап беретін орынбасарлары: инновация мен өнертапқыштық жөніндегі орынбасары – Наталья Сальникова (техникалық бөлімнің жетекші инженер-технологы), мәдени-бұқаралық сектор жөніндегі орынбасары – Даниял Абильдин (Мұнайды бастапқы өңдеу өндірісінің технологиялық қондырғылар операторы), спорттық сектор жөніндегі орынбасары – Алп Арслан Жапар (Мұнайды терең өңдеу өндірісінің компрессорлық қондырғылар машинисі), және хатшы – Қазиза Мүсінова (материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі экономист).
Жастар істері жөніндегі кеңестің жаңартылған актив құрамы 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылады және бекітті. Жоспарды құрған кезде зауыттың жас мамандары ұсынған пікірлер мен ұсыныстарды ескерді. ЖІК жоспарында көптеген қызықты іс-шараларды өткізу, соның ішінде сөз шеберлігін дамыту бойынша тренингтер, зияткерлік ойындарды өткізу, спикинг клабтарды ұйымдастыру және т.б. іс-шаралар.
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі