9 сәуір күні Жастар бастамаларын дамыту орталығында «Жастар ортасындағы еңбек құндылықтары: идеядан жетістікке дейін» атты сұхбат алаңының ашылуы өтті. Алаң облыстың еңбек жастарының кездесу орны болып белгіленді. ПМХЗ маманы Асқар Нұрғалиев бұл іс-шараға белсене қатысты.
Алаңның ұйымдастырушысы – Павлодар облысының кәсіподақ орталығы –еңбек жастарының өкілдерін, өңірлік ведомстволардың, атап айтқанда, ақпарат және қоғамдық даму, еңбек, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының, сонымен қатар Жастар бастамаларын дамыту орталығының басшыларын, облыс әкімінің орынбасары Айзада Құрманованы және «Еңбек Жолы» және «30 Еңбек Елшісі» екі республикалық конкурстың жеңімпаздарын бір шаңырақ астында жинады.
Ұйымдастырушылардың ойынша сұхбат түрінде кездесу өткізудің басты мақсаттары, бұл: тәжірибемен, қызықты идеялармен бөлісу, еңбек жастарын алаңдататын мәселелерді өңірлік ведомстволардың басшыларымен талқылау мүмкіндігі.
Алаң сахнасында республикалық конкурстардың екі жеңімпазы, соның ішінде Күкірт өндірісі және жалпы зауыттық шаруашылықтың инженері, «Үздік маман» және «Еңбек Жолы» конкурстарының жеңімпазы Асқар Нұрғалиев сөз сөйледі. Асқар Нұрғалиев осы жылдан бастап кәсіпорынның жас мамандар кеңесін басқарып отыр. Ол қатысушыларға өзі жайлы, Павлодар мұнайхимия зауытында өз еңбек жолын қалай бастағанын, конкурстарға қатыса отырып, мамандар қалайша өз қызмет саласында өсіп дами алатыны жөнінде айтты. Асқар жастармен өз тәжірибесімен, міндетті түрде көптеген жастарға үлгі болатын және жаңа биіктерге жете берулеріне жігерлендіретін табыс хикаясымен қуана бөлісті.
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі