ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
05.05.2021
523 просмотров
ПМХЗ және аутсорсингтік компаниялардың қызметкерлері қаланы жинап тазалауға өз үлестерін қосты

16-17 сәуірде зауыттың қызметкерлері және аутсорсингтік компаниялардың жұмыскерлері Павлодар аймағының территориясын абаттандыру және санитарлық тазалау жөніндегі айлыққа қатысты

 

ПМХЗ және сервистік компаниялардың мамандары, өз күштерін біріктіріп, Солтүстік өнеркәсіптік аймақ автожолдарының бірнеше учаскесін: №1 автожол учаскесін (Торговая көшесінен бастап «Каустик» АҚ дейін) және №20 автожол учаскесін («Каустик» АҚ-дан «Компания Нефтехим LTD» ЖШС-ға дейін), сонымен қатар Павлодар МХЗ санитарлық-қорғау аймағының батыс территориясын қоқыстан тазалады. 

 

Жинап тазалау жұмыстарын зауыт жұмыскерлері «Тотал Сервис» ЖШС, «Компания SANTRADE» ЖШС, «ПродМастер ПВ» ЖШС, «Медикер-ӨМ» ЖШС, «ҚМГ-Құмкөл» ЖШС, «“Самұрық-Қазына”» корпоративтік университеті» ЖМ HR ЖҚО өңірлік орталығы, «КазПромБезопасность ПВ» ЖШС, «Өрт сөндіруші» АҚ, «ЭОН энерго» АҚ, «URPAQ VIP» АБ ЖШС, «МегаСтройПлюс» ЖШС, «ENERGY SERVICE-PVL» ЖШС, «iQS-Engineering» ЖШС қызметкерлерімен бірге өткізді. Сенбілікке қатысқан қызметкерлердің жалпы саны 240 адамды құрады.

Жұмыстар барысында 7 бірлік арнайы техника іске қосылды. Олар: екі өзі аударғыш «КАМАЗ», екі жүк тиегіш, екі автобус және бір жеңіл автомобиль.

Зауыттың және сервистік ұйымдардың жұмыскерлері аумақты санитарлық тазалау кезінде 15 тоннаға жуық қоқыс пен қу ағаш жинап, оны қаланың қоқыс тастайтын жеріне апарып тастады.


Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться